AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су үнемдеу технологияларын енгізу: Қазақстанның су...

Су үнемдеу технологияларын енгізу: Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы

Әлеумет 14.02.2025, 18:57 1,360
Су үнемдеу технологияларын енгізу: Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы
aqmeshit-zhastary.kz

Су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдету мақсатында елімізде кәсіпорындарды өнеркәсіпте суды қайта пайдалану жүйелеріне көшуге ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылданды.

Жаңа Су кодексінің редакциясында кәсіпорындар үшін бес жыл ішінде суды айналымды немесе қайта пайдалану жүйелеріне көшу жоспарын әзірлеу талап етілген. Әр облыс бойынша суды қайта пайдалануды ұлғайту үшін 2030 жылға дейін модельдік жоспарлар бекітілген.

2030 жылдың соңына дейін экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесін 17%-дан 28%-ға дейін ұлғайту көзделуде.

Сондай-ақ, тұрмыстық су үнемдеу бойынша Әдістемелік нұсқаулық қабылданып, су тұтынудың тиімді әдістері ұсынылған. Бұл нұсқаулықта крандардағы ақауларды уақытылы жөндеу, аэрациялық крандарды пайдалану, екі түймелі су ағызу цистерналарын орнату, автоматты сенсорлық су араластырғыштарды қолдану, кір жуатын машинаны толық жүктеме кезінде ғана іске қосу сияқты іс-шаралар қамтылған.

2024 жылы еліміздің 6 өңірінде ауызсуды тарифтеу тәртібі қайта қаралды. Әлеуметтік нормалар енгізілді: айына 3 м³-ден артық су тұтынған жағдайда, нормадан асып кеткен су көлемі үшін тариф жоғарылайды. Бұл шаралар Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында айына орта есеппен 1,65 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік нормалар енгізілгенге дейін ауызсу тұтынудың орташа көлемі 21,1 млн текше метр болған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 19,5 млн текше метрге дейін төмендеді.

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, суды үнемдейтін технологияларды енгізу, суды есепке алу жүйесін цифрландыру және халық пен кәсіпорындар арасында су үнемдеу мәдениетін дамыту Қазақстан халқына жоғары сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Кеше 21:07

Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason» және «NAIKAN» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 20:30

ӘСЕМ ОРЫНБАЙ 2028 ЖЫЛЫ ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

Кеше 19:34

Алматының Бостандық ауданында абаттанған бес жаңа қоғамдық кеңістікті таныстырды

Кеше 17:38

Алматыда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);