AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынына қарсы іс-шаралар Ақмола облысының 190...

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Ақмола облысының 190 елді мекенінде жүргізілуде

Әлеумет 24.09.2024, 20:04 556 Bakyt
Су тасқынына қарсы іс-шаралар Ақмола облысының 190 елді мекенінде жүргізілуде
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады. Оның айтуынша, аталған іс-шаралар аясында халықтың ұсыныстары белсенді түрде ескерілуде, бұл жұмыстың тиімділігін арттырады.  

Қоянды, Талапкер, Қараөткел сияқты елорданың іргесіндегі ауылдарда еріген суды бұру үшін айналма каналдардың құрылысы жүзеге асырылуда. Есіл және Нұра өзендерінің жағалауын нығайту және кеңейту жұмыстары аяқталуда, Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің түбін тереңдету жұмысы жүргізілуде, мұндай жұмыс Көкшетаудағы Қылшақты өзенінде жүзеге асырылуда.  

Облыс орталығында ұзындығы 3 км қорғаныс білігі құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Мырза-Көлсар» бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұланды ауданындағы бөгетті күрделі жөндеу, Шортанды және Астрахан аудандарындағы бөгеттерді нығайту, Аршалы аудандарының Анар стансасындағы бөгетті қайта жаңарту жалғасуда.

Сондай-ақ Атбасарда қорғаныс білігінің шлюздерін орнату жүргізілуде, бұл тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және 400-ге жуық үйді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тасқын #Марат Ахметжанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);