AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия...

Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Саясат 28.01.2023, 10:32 1,593
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
сурет:UKIMET

30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.


Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.



Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазгидрометтің» болжамы бойынша республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.



Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.


Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет екенін атап өтті.



«Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындағанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #Су тасқынына дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);