AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Су тасқыны Ұлыбритания халқын әуре-сарсаңға салды

Су тасқыны Ұлыбритания халқын әуре-сарсаңға салды

Әлем 05.04.2024, 14:13 1,350
Су тасқыны Ұлыбритания халқын әуре-сарсаңға салды
Сурет: интернеттен
Британия ғалымдары елдегі су тасқындары үйреншікті құбылысқа айналуы мүмкін деп ескертеді. Мамандар мұны жаһандық жылынудың әсерімен байланыстырады. Сондықтан, тасқынға қарсы күреске ұлттық деңгейде мән беру керек, - дейді олар.


Соңғы жарты жылдың өзінде Ұлыбританияны 8 түрлі дүлей дауыл шарпыды. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, жауын-шашынның кесірінен өзендер арнасынан тасыды, деп жазады qazaqstan.tv.


Мыңдаған үйді су басып, тұрғындар қаза тапты.


"Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себеп. Өкінішке қарай, болашақта мұндай табиғи апаттардың талайын көреміз."Майк Кендон, метеорологиялық қызметтің аға ғылыми қызметкері











Кезінде ковидпен күрескендей су тасқындарына да ұлттық деңгейде қарсы тұра білу керек. Үкімет сын-тегеуріндерге дайын болып, ескертулерге құлақ асады деп үміттенеді ғалымдар.











"Топан суға төтеп беру үшін әрекет етуге міндеттіміз. Инфрақұрылымдарымызды жоспарлауға келгенде оларды нығайту мәселелерін басты назарда ұстауымыз қажет."Кэвин Коллинз, OPEN Университетінің ғалымы

Жағдай алаңдатарлық. Мамандардың пікірінше, атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі артып жатыр. Ауаны ластайтын зиянды заттардың әсерінен биылғы жыл тіпті ыстық болып, табиғи ауытқулар жиілейді деп болжануда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #Ұлыбритания #оқиға #төтенше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);