AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқыны: 4 645 адам уақытша орналасу пункттерін...

Су тасқыны: 4 645 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда

Әлеумет 07.06.2024, 11:28 798
Су тасқыны: 4 645 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда
Сурет: Gov.kz

Шымкент қаласында, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген ТЖМ құтқарушыларының бір бөлігі жұмыстар толық аяқталғанға дейін Атырау облысында қалады.

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан аула аумақтарынан суын сору жұмыстары аяқталды. 13 саяжай үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда.  ТЖМ 52859 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар құрғатылған 127 үйде дезинфекциялық жұмыстар жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 17 учаскеде қуатты жылжымалы және тіркемелі сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. ТЖМ 20942 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар құрғатылған үйлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізді.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Белшер және Нұра ауылдарында 85 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалуда. Өткен аптада 37 жеке тұрғын үй мен 2 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. ТЖМ 20942 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 10 жеке тұрғын үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада 4 жеке тұрғын үйден судың бағыты бұрылды. Құрғатылған үйлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуді. Қауіпті учаскелерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Өткен тәулікте судың деңгейі төмендегені байқалады.

Республика бойынша эвакуацияланған 64 653 адам өз үйлеріне оралды. 4 645 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 11 881 жеке тұрғын үй мен 3 644 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 29,1 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8,1 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 2 028 адам, 434 техника, 97 су сору құралы және 36  жүзу құралы жұмылдырылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #қазіргі жағдай #құтқарушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика