AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету басты мәсел...

Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету басты мәселе

Білім және ғылым 21.07.2023, 15:23 1,201
Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету басты мәселе
e-gov.kz

Саясат Нұрбек Алматыда жоғары оқу орындарының ректорларымен жатақхана мәселелері бойынша жиналыс өткізді, Almaty-akshamy.kz


Бүгін жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматының жетекші университеттерінің ректорларымен және инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесуге орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Қаржы орталығы» АҚ және Жобалық кеңсенің өкілдері қатысты.


Кездесуде жоғары оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындығы және студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге байланысты мәселелері талқыланды. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешуге, қолданыстағы жатақханаларды жаңғыртуға және студенттердің жайлылығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жаңа студенттік жатақханалардың құрылысындағы прогресс қарастырылып, Алматыда студенттік жатақханалардың құрылысы бойынша жобаларды іске асырумен айналысатын жобалық кеңсенің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.


Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасаудың маңыздылығын және орын тапшылығы мәселесін шешудің өзектілігін атап өтті. Бұл мәселе Алматыдағы Үкімет пен жоғары оқу орындары үшін басымдық болып танылды. Министр студенттік жатақханаларды салу және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, жатақханаларды дамытуды оңтайлы жоспарлау үшін университеттермен белсенді әріптестік қажеттігін айтты.


«Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда Алматы жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының деректері бойынша қажеттілікке болжау жасалды, 32 718 төсек-орын қажет екен. Бұл жаңа қабылдауды есепке алмағандағы болжам. Осыған байланысты өткен жылғы тәжірибені және осы мәселе бойынша тәуекелдерді ескере отырып, жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Жоғары оқу орындарының басшыларына 15 тамызға дейін барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ корпустарда, жатақханаларда, асханаларда және санитариялық тораптарда толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді министр.


Кездесуге қатысушылар жоо-лардың студенттік жатақханаларының құрылысы белсенді түрде жалғасып жатқанын және қазіргі уақытта жатақханалардағы орын тапшылығын жою мақсатында инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Кездесу соңында ҚР ҒЖБМ қалалық әкімдік, университеттер және басқа да мүдделі тараптар арасында жоо жатақханаларындағы орындардың жетіспеушілігі мәселесін ойдағыдай шешу және студенттер үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін одан әрі тығыз ынтымақтастық қажеттігі атап өтілді.


Ары қарай министр Саясат Нұрбек Абай Университетіне барды. Кездесу барысында ректор Дархан Біләлов университет инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы туралы толық ақпарат беріп, «EdSmart Premium LED Doska» интерактивті бейнежазбасының мультимедиялық студиясы мен KazDual обсерваториясының жұмысын көрсетті. Екі нысан да озық технологиялармен жабдықталған және оқу процесінде белсенді қолданылады.


Сонымен қатар министр университеттің қабылдау комиссиясында болып, Өнер, мәдениет және спорт институтында шығармашылық емтихандардың өткізілуімен және жұмыс барысымен танысты. С. Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарының білімі мен дамуына құйылған нвестициялар Қазақстан Үкіметі үшін басымдық болып табылады. Ол Abai University даму жоспарларын іске асыруды қолдап, оның одан әрі қарай өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #жатақхана #Нұрбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика