Студенттер заманауи жатақханада тұратын болады

Студенттер заманауи жатақханада тұратын болады Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев

Нархоз университетінің болашақ жатақханасының орнына ескерткіш тас қойылды


Жаңа жатақхананың ескерткіш тасын қалау рәсіміне университет басшылығымен бірге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Жыл сайын мектеп бітірушілер саны артып, жаңа жатақханаға деген қажеттілік күн санап артып келеді. Narxoz университетінің резидент емес студенттерді баспанамен қамтамасыз ету міндетін сәтті орындап келе жатқанын атап өткім келеді. Алдағы уақытта да осы биік стандарт сақталып, жаңа жатақхана студенттеріміздің тың ғылыми идеяларының, жобаларының, жетістіктерінің бастауына айналады деп сенемін», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.  




- «Алматы қаласын дамыту бағдарламасының «Жол картасы» аясында 2025 жылдың соңына дейін 12 мың, 2030 жылдың соңына қарай тағы 20 мың төсек-орын құру жоспарлануда. Бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешеді. Жатақхана құрылысы бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін қала әкімдігі министрлікпен бірлесіп наурыз айында Жобалық кеңсені іске қосты. Бүгін біз жаңа Narxoz жатақханасына ескерткіш тас қойдық. Жобаның сәтті жүзеге асуына тілектеспін», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.



Жаңа студенттер үйі 3, 5 және 7 қабаттан тұратын, жалпы ауданы 8661 шаршы метр болатын, 424 студент тұратын ғимараттар кешені болады. Студенттер екі немесе үш адамдық бөлмелерде тұрады. Бөлмелер жеке жуынатын бөлме, душпен жабдықталатын болады.  Студенттер үйінің құрылыс 2024 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның құны 7 миллиард теңгеден асады.   Құрылыста экологиялық материалдар қолданылып, аумақ көгалдандырылып, жасыл желектермен көмкеріледі.



- Бұл озық әлемдік тәжірибені ескере отырып салынған ультра заманауи хостел болмақ. Ас үйлер, коворкингтер мен қосалқы бөлмелер, ал бірінші қабаттарда медициналық пункт, кір жуатын орын, техникалық және коммерциялық үй-жайлар, ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы жабдықталған бөлмелер бар.2022 жылы білім берудің инфрақұрылымдық дамуында жаңа стандарттарды белгілеген негізгі кампусымызды ауқымды қайта құру аяқталды. Жаңа жатақхананың салынуы университеттің 60 жылдық мерейтойындағы одан әрі дамуындағы маңызды кезең, - деп атап өтті университет президенті Мирас Дәуленов.  



Болашақ ғимараттың құрылысы алдында Narxoz ұжымы көп жұмыс атқарды. Халықпен кездесулер өткізді. Жатақханадағы қабаттардың саны  жарықтандыруға зиянын тигізбейтін болады. Сонымен қатар, болашақ аллеяны ықшамауданның барлық тұрғындары пайдалана алады. Кесілген ағаштардың орнына Алматы Ботаникалық бағынан алынған ағаштар мен бұталар түрлерінің үлгілерінен жаңа саябақ отырғызылады.  



Айта кетейік, биыл Narxoz университетіне 3500-ден астам студент оқуға түсті. Нәтижесінде бір жыл ішінде мемлекеттік грант иегерлерінің үлесі бойынша «Нархоз» республика бойынша 33-орыннан 5-орынға жылжыды. Жаңа жатақхана пайдалануға берілсе, университет студенттерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп, барлық студенттерді жайлы баспанамен қамтамасыз ете алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05