AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай то...

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Спорт 08.05.2026, 19:08 544
Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты
Туризм және спорт министрлігі

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Скит» дисциплинасында финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды.

Іріктеу кезеңінен сегіз спортшы финалға жолдама алды. Олар бірнеше раунд бойы бақ сынады. Шешуші сәтте Әсем Орынбай Қытай өкілі Жианг Итингтен басым түсіп, жеңіске жетті.

Жүлдегерлер:

1-орын – Әсем Орынбай

2-орын – Жианг Итинг (Қытай)

3-орын – Мартина Бартоломей (Италия)

Айта кетейік, 2023 жылы Әсем Орынбай осы Әлем кубогының кезеңінде де жеңімпаз атанған. Сонымен қатар оның еншісінде әлем чемпионатының қола жүлдесі, Әлем кубогының, Азия ойындарының және Азия чемпионатының алтын медальдары бар.

Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады. Жарысқа 43 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мерген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Кеше 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Кеше 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);