STEM-САБАҚТАРДЫ ЖОБАЛАУ жасанды интеллект дағдыларына арналған семинар өтті

STEM-САБАҚТАРДЫ ЖОБАЛАУ жасанды интеллект дағдыларына арналған семинар өтті Сурет: автор

Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурдан шетелдік тағылымдамадан өтіп келген Алматы қаласының 7 жаттықтырушы-мұғалімі физика пәні мұғалімдеріне дәріс өтіп, тәжірибесін бөлісті.

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспары негізіндегі «Интеграцияланған STEM-сабақтарды жобалау дағдыларын қалыптастыру арқылы  оқушылардың  сындарлы ойлауын арттыру» тақырыбындағы семинар жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бөлімінің әдіскері Нәзима Жақыпованың жетекшілігімен №178 мамандандырылған лицей базасында өтті.

Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шетелдік тәжірибеде жинақталған инновациялық STEM-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу және тәжірибелік тапсырмалар арқылы әріптестермен бөлісуді мақсат еткен семинарда оқушылардың сындарлы ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін интеграцияланған STEM-сабақтарды жобалау тәсілдерінің өзектілігі айтылды.

Тәжірибелік семинар алаңында интерактивті және эксперименттік тапсырмалар тізбегі ұйымдастырылды. Оның барысында  STEM тәжірибесі: «Ұзындығы әртүрлі шырын түтіктерін пайдалана отырып, құлақ таяқшаларының ұшу қашықтығын зерттеу» барысы туралы айтылды. Бұл тәжірибе инженерлік ойлау мен жобалау, сынау және оңтайландыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар «Иінтіректі пайдалану арқылы тепе-теңдік жағдайын зерттеу» тәжірибесі физикалық тепе-теңдік және жобалық ойлауды дамытуға негізделген болса, «Қозғалмайтын блоктарды пайдалану арқылы оқу сауаттылығын тексеру» - бұл жұмыс оқушылардың оқу және зерттеу дағдыларын пәнаралық интеграция арқылы жетілдіруге бағытталды.

Орталық әдіскері Назима Жақыпова каскадты оқытудың тиімділігіне тоқталды. Мұндай шаралар педагогтардың кәсіби қауымдастығын нығайтып, теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік береді. «Білім беру үдерісіндегі күнділікті өзгерістер мұғалімдердің жігерін жанып, оларды жаңашылдыққа, білім кемесінің желкенінде қалықтауға бағыттау менің мақсатым. Қала мектеп мұғалімдерінің болашақ жас ұрпақты тәрбиелеудегі және білім сапасын арттырудағы жүйелі ілгері дамуы, халықаралық озық тәжиірбеге негіздеп бүгінгі таңда түрлі семинар-тренингтер өткізіп отырмыз. Физика пәнінің мұғаілмдеріне арналған бұл практика сабақтары өз сыныптарында қолдануға және оқушылардың оқу және функционалды сауаттылықтарын ашуға арналған» деді әдіскер.

№80 жалпы білім беретін физика пәнінің мұғалімі, жас маман Өркен Адаев семинардан алған әсерімен бөлісіп, STEM білім бағдарламасын мектеп оқушыларына үйрету, тәжірибе жүзінде қолдану, сонымен бірге оқушыларға физика, математика пәндері арқылы қажетті ақпаратты берудің маңызына тоқталды.

№57 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі, тренер Жасұлан Жұмахан Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур тәжірибесінің қала мектептері үшін қажеттілігін атап өтті. Осы орайда STEM, STEAM, STREAM білім беру бағдарламаларымен таныстырып өткен тренер оқу және жазу сауаттылығына арналған STREAM-ді негізе ала отырып жаһандық маңыздылыққа ие болып тұрған жасанды интелектке негіздеп оқытудың ерекшеліктері туралы айтып берді.  

Тренерлер семинар барысында оқушылардың сындарлы ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды әзірлеп, топтық жұмыстар мен практикалық талдаулар жүргізді.

Қатысушылар халықаралық тәсілдерді еліміздің оқу жүйесіне бейімдеу жолдарын қарастырды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына, жаңа әдістерді меңгеруіне және оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді платформа ретінде физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық және инновациялық ізденістерінің нығаюына ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:31

17:26

17:22

17:01

16:50

16:34

16:19

16:04

15:55

15:34

15:17

15:05

14:50

14:40

14:30

14:14

14:05

13:14

12:34

12:25

12:17

12:09

11:47

11:24