Нормативтік құқықтық актілердің жобалары: Алматыда стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындары қарастырылуда
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес, «Ішкі сауда қағидаларына» сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында стационарлық емес сауда нысандарының орналасу орнын анықтау және бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Жобаға сәйкес 157 стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) орналастыру үшін 142 орын бекітілді. Қабылданған шаралар стихиялық сауданың үлесін азайтып, заңсыз орналасқан сауда нысандарына байланысты жергілікті атқарушы органдарға өтініш жіберетін тұрғындар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді. Басқарма сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 204 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен алғаш рет «Алматы қаласында және қала маңындағы ауданда стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары» бекітілген болатын. Ережелер стационарлық емес бөлшек сауда нысанының сыртқы түріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осылайша стационарлық емес сауда нысанының алдын ала жобасы аумақтың сәулеттік-көркемдік келбеті мен эстетикалық сипаттамаларын сақтай отырып әзірленуі керек. Қолданылатын жабдықтың түрі, оның пішіні, параметрлері (өлшемдері), пропорциялары, масштабы қасбеттердің түс схемасына және объектінің стиліне, сондай-ақ қоршаған ғимараттардың сәулеттік және қала құрылысы шешіміне сәйкес келуі керек. Технологиялық мүмкіндік болса, шаруашылық жүргізуші субъект инженерлік желілерге қосылуы керек.
Сонымен қатар, 2022 жылы департамент 500-ден астам заңсыз орнатылған СЕСН-ны анықтап, бүгінде оның 382-сі бөлшектелген.
Көгалдандыру ережелерін сақтамай, қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларын бұза отырып, заңсыз нысандар тротуарлар мен жол жиектеріне орналастырылған.