Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Стамбұлдағы Араста базары

Стамбұлдағы Араста базары

Әлем 27.05.2023, 10:26 1,767
Стамбұлдағы Араста базары
сурет: ttjk.info

300 жылдық тарихы бар базар.


Көптеген туристер үшін Түркия - таптырмас шопинг әлемі. Әсіресе, түріктің тарихи базарлары ең қызықты, әрі ерекше заттарды сатып алатын жерлер болып табылады.


Стамбұлдағы Араста базары - тарихи сауда орындардың бірі, көшедегі у-шудан шаршасаңыз, осында келіп демалып ерекше заттарды сатып алуға болады. 



Араста базары - Стамбулдағы ең көне базарлардың бірі. Сауда орны XVII ғасырда пайда болған. Археологтар тапқан мозаика бөліктері әлі күнге дейін аяқ астында жалтырап жатыр.




Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты әскерлерге қажетті заттарды сатқан базар бүгінде жершілікті және шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған. Шағын базардың ішінде түрлі кәдесыйлар, кілем, Изник қаласында өндірілген керамикалық заттар, орамал, төсекорын жабдықтары, киім-кешек, басқа да текстиль өнімдері, түріктің ұлттық тәттілері мен дәмдеуіштері сатылатын 70-тен астам дүкен жұмыс істеп тұр.




Осыдан 100 жылдай уақыт бұрын (1912 жылы) шыққан алапат өрттен базар айтарлықтай зардап шегіп, көп бөлігі күлге айналады. Алайда жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстары арқылы базарды пайдалануға берді. 1930 жылдары ұйымдастырылған қазба жұмыстарының нәтижесінде, базардың византиялықтар дәуірінен қалған ғтмарттардың үстіне салынғаны анықталды.



Егер Стамбұлға барсаңыз, міндетті түрде Араста базарын тізіміңізге қосып қойыңыз. Тарихи маңызы бар мекеннің ерекше аурасын сезініп, дос-туыстарыңызға естелікке кәдесый сатып алып, Түркиядағы сапарыңызды ұмытылмастай етеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Стамбұл #Стамбул #Араста базары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Бүгін 11:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалында кездесу өтті

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика