AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Стамбул театры актерлік шеберлік алаңына айналды

Стамбул театры актерлік шеберлік алаңына айналды

Мәдени Алматы 18.12.2024, 18:25 984 Айнабай Мәди
Стамбул театры актерлік шеберлік алаңына айналды
Сурет: автор

Жақында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бір топ актері Түркияның Стамбул қаласындағы білім жетілдіру курсына аттанып, Анадолы елінен ерекше сезіммен, шығармашылық шалқар шабытпен оралды.   

Бір өзінде 22 миллионға жуық адам қоныстанған, 3 мыңнан аса мешіті бар,  Босфор теңізін жайлаған тарихы көне,  жасампаз шаһардың қым-қуыт тірлігі қызып жатыр. Өнер мамандары үлкен аумақты алып жатқан Ататүрік атындағы Мәдени орталықты тамашалап, 2 000 орындық опера театры мен 800 орындық драма театрының акустикалық-техникалық әлеуетін сезініп қайтты.

«Театр актерлері дәстүрлі сахна өнерімен қатар мұнда актерлік шеберлікті насихаттайтын  Тeyk sahna театрының ұстаздары – Седа Оғуз, Беркуль Улусой, Утку Четин сынды кино және театр актерлерінен «Қазіргі театрға классикалық пьессаларды бейімдеу» тақырыбында дәріс тыңдап, кейіпкер құрудан шеберлік сабақтарынан өттік», – деді қуанышымен бөліскен  театрға қарасты көру және есту мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкері, танымал журналист Гүлжанат Шонабай.

«Алатаудай» жас театрдың аймаңдай актерлері –  Дәулет Арипов, Әсет Есжан, Динара Төлепбергенова, Тимур Пиязов, Есенай  Ильясов, «Ұлытау» тобының домбырашысы Рүстем Байекеев түрік әріптестермен емен-жарқын пікірлесіп, өзара тәжірибе алмасты. «Ел тәуелсіздігі қарсаңында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қос бірдей дүлдүлі, дарынды актерлер – Әсет Есжан мен Шаттық Уатқан  мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығымен, ал бишілер жетекшісі, хореограф Жанна Жұмабекқызы ҚР Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығымен марапатталды! Сөйтіп, Түркиядан қайтар күні сүйінші жаңалықты естіп, мерейіміз теңіздей тасыды», - деді ұйымдастыру бөлімінің қызметкері.

Осынау марапат жауған қуанышты күні лауреаттар әріптестері алдында марапатталып, Стамбулдағы 3 күндік байыпты бағдарламаны сәтімен  аяқтаған азаматтарға  құрметпен сертификат тапсырылды. «Ел асырып, жер танытып, таным-білім көкжиегімізді кеңейтуге мүмкіндік берген «Алатау» театрының әкімшілігіне, Алматы қаласының мәдениет басқармасына үлкен ризашылығымызды білдіреміз» дейді мерейі тасыған театр мамандары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Стамбул #шеберлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);