AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да оқушы сірке суын ішіп, ауруханаға түсті

СҚО-да оқушы сірке суын ішіп, ауруханаға түсті

Оқиға 05.02.2026, 16:02 324 Сұлу
СҚО-да оқушы сірке суын ішіп, ауруханаға түсті
Сурет: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков елді мекенінде оқыс оқиға тіркелді: 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға кеше, 4 ақпан күні болған. Сабақ кезінде ол мұғалімнен сұранып, дәретханаға баратынын айтқан. Анықталғандай, ол дәретханаға 70 пайыздық сірке суын ала барып, соны ішіп қойған.

Жерде жатқан қызды мектеп қызметкерлері көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған. Аудандық аурухана облысқа хабарласып, санитарлы авиация қызды Петропавлға жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлағаелай, қазір тергеу басталған.

«Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 16 жастағы оқушы қыздың уланғаны туралы ақпарат 4 ақпанда түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Солтүстік Қазақстан облысы #оқушы #сірке суы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);