Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / СҚО-да балалар арасында ішек инфекциясы көбейді

СҚО-да балалар арасында ішек инфекциясы көбейді

Медицина 01.07.2022, 12:23 1,586
СҚО-да балалар арасында ішек инфекциясы көбейді
Сурет: Ашық дереккөз

Жыл басынан бері 125 жағдай тіркелген


Солтүстік Қазақстан облысында ішек инфекциясы көбейді. Жыл басынан бері 125 жағдай тіркелді. Оның жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Мамандардың айтуынша, көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі ата-аналардың барлығы дәрігер көмегіне жүгіне бермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме  жасап. 


2022 жылдың 5 айында Солтүстік Қазақстан облысында жіті ішек инфекцияларының 125 жағдайы тіркелді. Олардың жартысы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 21%-ға төмендегені байқалады.


«Жаз – бұл демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар көптеген қоздырғыштардың көбеюі үшін қолайлы маусым. Ересектер мен балалар қолдың негізгі гигиенасын ұмытып, жемістер мен көкөністерді мұқият жууды елемейді. Табиғатта демалу кезінде өнімдерді көбінесе ұзақ уақыт жылы жерде қалдырады, бұл өз кезегінде қоздырғыштардың көбеюіне ықпал етіп ішек инфекцияларының дамуына әкелуі мүмкін. Жіті ішек инфекциясы – бұл патогендік бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық ауруларының үлкен тобы. Жіті ішек инфекциясы бүгінде жұқпалы патологияда тұмау мен жедел респираторлық инфекциялардан кейінгі орында», - дейді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.


Жіті ішек инфекцияларының алдан алуға болады. Ол үшін мамандар тазалық сақтауға кеңес береді.


«Балалардың жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау керек. Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу керек. Әсіресе тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін. Қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды пайдалану шарт. Көкөністерді, жемістерді, жидектерді тұтынар алдында мұқият жууға кеңес беремін», - дейді Айнаш Сағындықова.    

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика