AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Спорттық атудан Олимпиадаға 3 лицензия бар

Спорттық атудан Олимпиадаға 3 лицензия бар

Спорт 22.12.2023, 09:14 1,244 Almaty-akshamy.kz. 
Спорттық атудан Олимпиадаға 3 лицензия бар
Сурет: ашық дереккөз

Спорттық атудан Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасына 3 лицензия бар. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың спорттық ату федерациясының басшылары мен жаттықтырушылар штабымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Кездесуде аталған құраманың кейінгі ірі халықаралық турнирлердегі өнері қорытындыланып, Олимпиадаға дайындық жоспары таныстырылды.


Атап айтсақ, Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стендтік атудан – 2 алтын және 3 қола, оқ ату бойынша – 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Сары құрлық додасында З.Ирназарова, командалық скит микстте Ә.Орынбай мен Э.Ещенко және әйелдер арасындағы командалық скитте З.Кравченко, Ә.Орынбай, О.Панарина топ жарды.




«Оқ ату және стендтік ату – медальдар ең көп сарапқа салынатын спорт түрлерінің бірі. Ұлттық құраманың кейінгі жылдардағы нәтижелері елімізде спорттық атудың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Мергендердің Азия ойындарындағы жетістігі баршамызды қуантты. Өнімді жұмыс атқарылғаны көрініп тұр. Ең бастысы – сіздер бүкіл елдің үмітін ақтадыңыздар. Алда лицензиялық жарыстар мен 2024 жылғы жазғы Олимпиада күтіп тұр. Осы спорт түрін серік еткен команда көшбасшылары іріктеу сайыстарынан сәтті өтіп, төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Ермек Маржықпаев.




Министрлік мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта спорттық атудан Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 3 лицензиясы бар. 2024 жылға 4 лицензиялық турнир жоспарланған: 2 стендтік және 2 оқ ату бойынша. Демек, жолдамалар санын арттыруға мүмкіндік бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спорттық ату #спорт #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);