AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Тәрбие баспалдағы»: ата-ана, мектеп және бала ара...

«Тәрбие баспалдағы»: ата-ана, мектеп және бала арасындағы байланысты нығайтқан форум

Білім және ғылым Бүгін 17:41 34
«Тәрбие баспалдағы»: ата-ана, мектеп және бала арасындағы байланысты нығайтқан форум
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Әдебиет пен өнер тоғысқан мазмұнды бағдарлама қатысушыларға ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Тәрбие баспалдағы» атты ата-аналар форумы өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Форумның арнайы қонағы – ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Серпер» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер болды.

Мектеп директоры Самғат Сүйінбекұлы форумның ашылуында сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен білім ордасының өзара байланысына ерекше тоқталды.

«Біз әрқашан мектеп, ата-ана, оқушы үштағаны арқылы жұмыс істеуді жақсы көреміз. Былтырғы оқу жылында Оразкүл Асанғазымен кездесу өткізген едік. Биылғы оқу жылындағы форумымызды Саят Қамшыгермен кездесуден бастап отырмыз. Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруымыз қажет», – деді мектеп директоры.

Форум барысында Саят Қамшыгер жас ұрпақ тәрбиесі, әдебиет пен рухани құндылықтардың маңызы жөнінде ой бөлісті. Оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, қонақтың шығармашылығына құрмет көрсетті. Сонымен қатар патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, мектеп оқушылары хормен өнер көрсетті. Әдебиет пен өнер тоғысқан мазмұнды бағдарлама қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Бала тәрбиесі тек мектептің немесе ата-ананың ғана міндеті емес. Бұл – екі тараптың өзара түсіністігі мен бірлескен еңбегін талап ететін ортақ жауапкершілік. Отбасында қалыптасқан тәрбие мектеп қабырғасында жалғасын тауып, ұстаз бен ата-ананың бір бағыттағы жұмысы арқылы нәтижесін береді.

«Тәрбие баспалдағы» форумы осы ортақ ұстанымның маңызын айқындап, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтуға, бала болашағына бейжай қарамауға үндеген тағылымды кездесу болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстан – Сириус» III Таланттар саммиті қорытындыланды

Бүгін 17:31

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумына қатысты

Бүгін 17:15

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 17:08

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:45

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);