AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Спортшылар колониядағы жасөспірімдермен кездесті

Спортшылар колониядағы жасөспірімдермен кездесті

Барлығы 28.08.2025, 09:44 518
Спортшылар колониядағы жасөспірімдермен кездесті
Сурет: ҚАЖ департаменті

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Еуропа чемпионы, Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров және ММА-ден әлемнің екі дүркін чемпионы Қазбек Әшіммен, ММА-ден әлемнің бір дүркін чемпионы Аңсар Дәулетбай және  Батырбек Абылаймен кездесу өтті.

Спортшылар балалар колониясында жазасын өтеп жатқан жасөспірімдермен “Спорт - денсаулық кепілі” туралы, ал нашақорлықтың құрдымға сүйрейтіні жайында диалог орнатты. 
Сонмен қатар іс-шараға Алматы қаласы және Жетісу ауданының прокуратура өкілдері қатысты.

Ардақ Құттықожаұлы қазіргі күнге дейін жеткен жетістіктері, бағындырған белестері туралы әңгімеледі. Ол өмір жолын баяндай отырып, жасөспірімдерді жаман әдеттерден алыс болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамға пайдасы тиер жақсы азамат болып шығуларына тілектестігін білдірді.
Иә, мұндай кездесулер жазалы жасөспірімдер үшін ауадай қажет. 

Екіжақты диалог, пікір алмасу кеші ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын" іске асыру аясында ұйымдастырылды.  
Іс шара соңында мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Нұрлан Серікұлы Керебаев меймандарға мекемедегі жазалы жасөпірімдердің атынан алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спортшылар #колония #жасөспірімдер #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика