AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Эксклюзив / "Спасибо" емес "рақмет!". Шетелдікпен тілдесіп «же...

"Спасибо" емес "рақмет!". Шетелдікпен тілдесіп «желіні жарған» бала кім?

Эксклюзив 25.04.2025, 18:18 3,521
"Спасибо" емес "рақмет!". Шетелдікпен тілдесіп «желіні жарған» бала кім?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматының Көк базарында филиппиндік блогерге ағылшын тілінде еркін сөйлеп, кәдесый сатқан баланың видеосы желіні жарды. Аз ғана уақыт ішінде 3 миллионға жуық қаралым жинаған видеодағы бала - Нұржол Сатыбалды. Аqshamnews.kz тілшісі желі жұлдызына айналған баланы тауып, тілдесіп қайтты. 

Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Нұржолдың желіде жарқ ету жолы

Нұржол - Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы №45 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы. 14 жастағы жеткіншек сабақтан тыс уақытта ата-анасының сауда кәсібіне көмектесіп тұрады. Вирусқа айналған видеодан кейін Нұржолдың әлеуметтік желідегі оқырмандары көбейіп, көрген жұрт жылы лебізін жаудырған. 

Ол ағылшын тілін тәжірибеде жиі қолданатынын, базарға шетелдік туристердің жиі келіп тұратынын айтты.

"Желіде танымал болған видео өткен аптаның демалыс күндерінің бірінде түсірілген болатын. Ол туристің блогер екенін білмедім. Қолындағы камерасын байқадым, бірақ желіге салған соң жұрт осындай реакция білдіреді деп ойламадым. Әдетте Көк базарға туристер жиі келеді. Олармен осылай ағылшынша тілдесіп сауда жасай беремін. Мен үшін қалыпты жағдай болып кеткен. Жалпы шетелге шыққанда, күнделікті өмірде ағылшын тілінің керек екенін түсіндім. Солайша курстарға жазылып, мектепте де ағылшын тілін қызығып оқи бастадым. Қатты білемін деп айта алмаймын, бірақ осылай күнде тәжірибеде пайдаланып тұрамын" дейді Нұржол. 

Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

"Қазақтың бір сөзін болсын үйреніп кетсе екен дедім"

Нұржол видео соңында туристке "рақмет" сөзін үйретуін де түсіндіре кетті. 

"Өзге тіл тірлік үшін, өз тілің бірлік үшін" деген сөз бар ғой. Сол секілді менің бұл видеодағы туристке қазақша алғыс айтуды үйреткенім - қазақтың бір сөзін болсын біліп жүрсе екен дедім.  Меніңше нағыз патриот болу, ұлтыңды сүю осындай кішігірім дүниелерден басталады" дейді ол. 

Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

"Болашақта әуежай қызметкері болғым келеді"

Нұржол қазір өз ауылындағы футбол клубының қақпашысы. Аяқ добын хобби еткен жасөспірім келешекте әуежайда жұмыс істегісі келетінін айтты. 

"Хоббиім- футбол ойнау. Өз ауылымдағы "Сұңқар" футбол клубының қақпашысымын. Жиі жарыстарға шығып, жүлдегер болып тұрамыз. Бірақ болашақта әпкем секілді әуежай қызметкері болғым келеді. Шетелдерге жиі шығып, танымымды арттырып, әлемді аралағым келеді" дейді Нұржол. 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұржол Сатыбалды #шетелдік турист #Көк базар #ағылшын тілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?

Бүгін 10:02

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика