Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәу...

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

Экономика 04.09.2021, 07:15 1,611
S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
Cурет: Baq.kz

S&P болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2021 жылы 3,5% құрайтын болады.


S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты», деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі мәліметінде айтылғандай, S&P сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның рейтингін қолдаған негізгі факторлар – бұл тұрақты фискалдық және сыртқы резервтер. S&P сарапшылары өзгермелі айырбас бағамының режимі  экономиканың 2020 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты пайда болған сыртқы қысымға бейімделуге көмектескенін атап көрсетті.
Біртіндеп жүргізіліп келе жатқан фискалдық шоғырландыру, Ұлттық қордан бюджетке трансферттер көлемін шектейтін фискалдық ережені енгізу және мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Қазақстанның сыртқы позициясын нығайтуға әсерін тигізеді.
S&P пікірі бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш ынталандырушы фискалдық саясаттың әсеріне, импортталатын тауарлар бағаларының өсуіне, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешуіне байланысты.
Агенттік Ұлттық банктің ашықтығын арттыруы, атап айтқанда, Ұлттық қордың валюталық операцияларын жариялау, Ұлттық банктің Қаржы министрлігімен кірістілік қисығын құру бойынша бірлескен жұмысы, қаржылық реттеу функциясын Ұлттық банктің өкілеттігінен бөлу сияқты шаралар ақша-несие саясатына сенімділікті арттыратынын атап өтті.
S&P сарапшыларының пікірінше, Ұлттық банктің 2025 жылға дейін экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығу орталық банктің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
S&P болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2021 жылы 3,5% құрайтын болады және оны шикізаттық емес сектордың өсуі, шектеулердің жұмсартылуы есебінен экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, инвестициялардың өсуі, негізгі сауда серіктес елдеріндегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі қамтамасыз ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #рейтинг #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика