ffin.kz

«Сорос-Қазақстан» қоры жұмысын тоқтатты

«Сорос-Қазақстан» қоры жұмысын тоқтатты Сурет: ашық дереккөз

Қор CAPS Unlock Орталық Азиялық сараптама орталығына айналады.



28 жылдық жұмысынан кейін Сорос-Қазақстан қоры CAPS Unlock (Central Asian Policy Studies) Орталық Азиядағы проблемаларды шешуге тиімді амалдар ұсынуға арналған сараптама-аналитика хабына айналады, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 


CAPS Unlock қолданбалы зерттеулер жасап, күрмеуі шешілмеген мәселелер төңірегінде пікірталастар ұйымдастырады. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім беру, климаттың өзгеруі, Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық келбеті секілді салалар қамтылады. Сонымен қатар бірегейлік, тарихи естелік және аймақтағы колониал өмірдің салдары секілді проблемалар да назарда болады. Орталық технологиялық тенденцияларды зерттеп және ескеріп, оның маңызды салаларға ықпалын болжайды.



«Орталық Азия елдерінің бәрі мұхитқа шыға алмайтыны белгілі: әйтсе де бұл біздің зерттеушілердің әлемдік ойларға, дебаттар мен сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндігін арттырады деген сенімдеміз. Осы мақсатта біз аймақты алаңдататын проблемалар бойынша тәуелсіз зерттеулерді алға жылжытып, елдеріміздегі ғалымдар мен мамандарды әлемдегі басқа әріптестерімен біріктіреміз, сарапшылар арасында онлайн және оффлайн форматта пікірталастар ұйымдастарымыз», – деді CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқулова.



Орталық зерттеулерінің тақырыптық бағыттары аймақтағы ашық қоғамның дамуы үшін маңызды мәселелер бойынша анықталады. 


CAPS Unlock диалог алаңын дамыту, сапалы зерттеулер жүргізу және ұсыныс дайындау, сонымен қатар аймақтағы сараптамалық қауымдастықты нығайту арқылы Орталық Азиядағы ашық қоғам құруды қолдауды өзінің миссиясы санайды. 


Аймақтық аналитикалық орталық (think tank) құру Ашық қоғам қорлар желісінің жаһандық өзгеруінің бір бөлігі саналады. Қолданбалы зерттеулер, ұсыныстар кризисті және пост-кризис кезеңдегі проблемаларды шешудің ең жақсы жолын табуға бағытталған. Пандемия, соғыс және басқа да факторлардың ықпалымен болған жаһандық дағдарыс  халықтың өмір сапасына да әсер ететіні сөзсіз және ең біріншіден халықтың осал тұстарына ықпал етеді. CAPS  Unlock ұсыныстары қоғамның осы сегменттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды. 


Орталық БҰҰ мен ЭЫДҰ секілді халықаралық институттармен әріптес болуға дайын. CAPS Unlock аймақта да, Еуропа, Солтүстік Америка мен Азия елдеріндегі аналитикалық орталықтармен де әріптестік орнатады. 


Ұйымның қамқоршылық кеңесіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы беделді сарапшылар кірді: 



  • Гүлнора Бекназарова, әлеуметтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Зеркало» ҚҚ директоры, Тәжікстан;

  • Жұлдыз Смағұлова, PhD, филология ғылымдарының кандидаты, КИМЭП университеті білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, Қазақстан;

  • Медет Тюлегенов, PhD, саясаттанушы, Орталық Азия университеті «Азаматтық қоғам бастамалары» орталығының бас ғылыми қызметкері;

  • Юлий Юсупов, экономист, Center for Economic Development директоры, Өзбекстан.


Сорос-Қазақстан қоры 28 жылда денсаулық сақтау, білім беру және ғылым, адам құқықтарын қорғау, мемлекет қаржысының ашықтығы және есептілігі, халықтың осал топтарының мүддесін қорғау, баспасөз құралдарын, экономикалық реформаларды қолдау салаларында грант ретінде 100 миллионнан астам АҚШ долларын бөлді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39