AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жо...

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Әлеумет Бүгін 11:31 36 yakiya
Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда соңғы екі жылда кафеде, мейрамхана мен сауда орнында тамақтан ұшынғандар тіркелген жоқ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бірақ дәрігерлер ботулизммен ауырған бірер адамды тіркеді. Олардың бәрі үйде жасалған консервілерді тұтынған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова осылай деп мәлімдеді.

«Соңғы екі жылда Алматыда көпшілік тамақ ішетін жер мен сауда орындарында жаппай тамақтан ұшынған бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Бұл санитариялық норманы сақтап, бақылау жұмысын үзбей жүргізіп жатқаннан. Жалпы қаладағы жағдай тұрақты», — дейді департаменттің өкілі.

Былтыр ботулизммен ауырған үш адам тіркелсе, биыл да осындай үш науқас анықталыпты. Жалпы бес адам ауырған екен. Барлығына үйде жасалған консервілер: қырыққабат, маринадталған қызанақ пен салат себеп болған.

«Олар дұрыс жасалмаған, дұрыс сақталмаған өнімдерді тұтынған. Бұл үйде консервілеудің әлі де қауіпті екенін көрсетеді», — деп атап өтті спикер.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру аяқ асты басталып, жүрек айнып, құсып, іш өтіп, әлсіздік пайда болып, адамның ыстығы көтеріледі екен. Кейінірек көруі нашарлап, көзі бұлдырлап, жұтынуы қиындайды. Осындай ауыр белгілер пайда болса, мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Әр науқасты мамандар оқиға орнына барып тексеріп, эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді, инфекция көзін анықтап, таралып кетпеуі үшін сынама алып, зертханада талдау жасайды. Халыққа түсіндіру жұмысын қатар жүргізіп, көпшілік тамақтанатын нысандағы қызметкерлерді де оқытады.

Көктем-жаз маусымы басталысымен жаңа піскен жеміс пен көкөністің сапасына да ерекше көңіл бөлініп, бақылауға алынады. Әсіресе ерте піскен жемістер қауіптірек, оларда пестицид пен нитраттар қалып қоюы мүмкін.

«Құлпынай, шие, өрік, шабдалы, қарбыз бен қауын секілді ерте піскен жемістерде қолданылған заттардың қалдығы қалуы мүмкін. Олардың мөлшері нормадан асса, денсаулыққа зиян тигізеді. Сондықтан мұндай өнімдерді жақсылап жуып, қабығын аршу керек», — деп отыр Қаткенова.

Сатылып жатқан өнімдер жалпы қауіпсіздік талабына сай болып шықты. 2025 жылы пестицид пен нитраттың мөлшеріне 608 сынама зерттелген екен. Биыл да екі сынама алынып, нормадан асып кеткені анықталған жоқ. Соңғы екі жылда көп қосқан нитраттардан уланып қалғандар да тіркелмепті.

Департамент мамандары таза суды пайдаланып, гигиенаны сақтап, өнімді мұқият жуып, рұқсат етілмеген жерден азық-түлік сатып алмау керектігін ескертіп отыр. Уланудың белгісі байқалса дереу дәрігерге қаралуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ботулизм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);