AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Білім және ғылым 26.08.2026, 18:00 231
Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Сонымен қатар қолданыстағы білім ошақтары да жаңартылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде мектеп инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1120 мектеп салынды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны мен оқушы орындарының тапшылығы төрт есе, ал апатты мектептер саны екі есе қысқарды.

Негізгі жобалардың бірі - «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Еліміз бойынша 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салынды, оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл мектептерде STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, коворкингтер, хореография және спорт залдары қарастырылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта жасалған.

Сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын дамытуға мемлекетке қайтарылған активтер бағытталуда. 2023 жылы құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 нысанның құрылысы қаржыландырылды. Оның 83-і пайдалануға берілді, тағы жетеуін жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.

Жаңа мектептер салумен қатар қолданыстағы білім ошақтары да жаңартылуда. Соңғы бес жылда 5026 мектеп жаңғыртылып, 4,5 мыңға жуық мектеп 7009 заманауи пән кабинетімен жабдықталды.

Алдағы үш жылда тағы 1300 мектепті реновациялау жоспарланған. Оның 820-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Жоба ғимараттарды күрделі жөндеуді, пән кабинеттерін, кітапханалар мен асханаларды жабдықтауды, спорт залдарын жаңартуды, аумақты абаттандыруды және қауіпсіздік жүйелерін күшейтуді қамтиды.

2026 жылы 60 мыңға жуық оқушы орнына арналған тағы 101 мектеп салу жоспарланып отыр. Негізгі мақсат - оқушы орындарының тапшылығын жүйелі шешіп, қала мен ауыл балаларына бірдей заманауи білім алу жағдайын жасау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Келекшек мектептері #мектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Бүгін 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Бүгін 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Бүгін 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);