ffin.kz

Соңғы аптаның жүгі ауыр   

Соңғы аптаның жүгі ауыр    almaty-akshamy.kz

«Бозқырау», «Үлкен қараша», «Қауыс» сияқты қауіпті амалдар өтті. Апта соңында қыстың алғашқы  амалы – «Қырбастың қызылы» тұр. Осы аптада «Құс жолының» бауыры (суретте) ағарып тұрады




Айдың 23 күні Мерген жұлдыздар шоғыры төрге озып, төбеге шықты. Ол «Құс жолында» орналасқан. Галактика орталығы Мергеннің бағытында орын тепкен. Мерген жұлдызы аясында өмірге келгендерді мереке-думанның адамы деп айтуға болады. Олар - өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін жандар.


Еліміздегі ірі компаниялар мен мемлекеттік қызметте жоғары лауазымда жүрген адамдар арасында мергендер аз емес. Олар қаржылық элита арасында да тығыз орналасқан. Мергендер еш уақытта сараңдық танытпайды, тиын санауды да ұнатпайды. Оның бойындағы оптимистік және сөзшеңдік қасиеті туабітті берілген. Күнделікті тіршілік олардың ішін пыстырады...


«Үлкен қараша» амалы әлі жүріп жатыр. Айдың 28-іне дейін көрініс береді. Осы айдың 20-сынан басталған «Қауыс» амалы, өткенде айтқанымыздай, қарашаның 25-інде тоқтайды. Амал бойынша, осы кезде жеңіл әрі жұмсақ қар жауатын болған. Ауа райы біртіндеп суыйды. «Қауыс» сөзі «ақ қар» деген мағынаны білдіреді екен.


Қарашаның 25-інен Үркер батып, қыс тоқсанның басы басталады. Сол себептен алдағы суықтарға шыдамайтын кәрі-құртаң, көтерем малдарды сойып, «күз-соғым» жасайды.


«Қараша келмей, қар жаумас» дейді. Қар қарашаның алғашқы күндерінде түсіп, ерімей жатып қалса, қыс ұзақ болады деп болжаған. «Осы айда адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел соғады, оны ел арасында «ықтырма жел» деп атайды» дейді пайымда. Мұндай жағдай Алматыда ай басталғалы көрініс берген жоқ. Еліміздің  шығысы мен солтүстігінде толық деңгейде орын алды. Оны ақпараттардан  естіп жатырмыз.


Қараша-желтоқсан айларының тағы бір ерекшелігі - киіктер үйірге түседі. Халықтың бақылауы бойынша, киіктің үйірге түсетін кезінде күн райында айтарлықтай өзгеріс болады. Солардың әсерінен «киіктің мойын жуары», «киіктің матауы», «киіктің белбасары» тәрізді ұғымдар пайда болған. Бұлар - табиғат құбылысы мен киік тіршілігі арасындағы байланысты аңғартатын атаулар.


Киіктің үйірге түсу мерзімі байтақ даламыздың барлық жерінде бірдей болмайды, әр аймақтың табиғи ерекшелігіне байланысты бір жерде ерте, ал бір жерде кеш өтіп жатады. Киіктің матауы – киіктер үйірге түсетін мезгіл. Киік, ақбөкендер бұл кезде үлкен топ құрып, қораланып жиналады да, маталады, яғни үйірге түседі.


Желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «Қырбастың қызылы» дейді және амал кезінде қатты аяз, бет қаратпайтын суық болады.  


Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, айдың – 24-і. Ай есебімен –29-ы, қазақша - 15-і. Апта айдың ортасы мен аяғына сәйкес келіп тұр. Бұл алдағы аптада (қараша айының 24–30 аралығында) ауа райы құбылмалы болады дегенді білдірсе керек. Жауын-шашын орын алады. Бірақ айтарлықтай ызғар болмайтын сыңайлы. Дегенмен, аптаның соңын ала келе жатқан «Қырбастың қызылы» амалының қаупін ұмытпаған жөн.


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Күн қимылына қарап жасалған жорамал:


*Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық.


*Кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан.


*Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяздың белгісі.


*Күн құлақтанып батса, ауа райы жылы болады.


*Күн қораланса, күрегіңді сайла.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43