Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы 5 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 п...

Соңғы 5 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 пайызға артты - Индустрия министрлігі

Әлеумет 31.05.2022, 02:03 1,635
Соңғы 5 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 пайызға артты - Индустрия министрлігі
Cурет: Inform.kz

Ең бастысы – сауаттылық пен мұқияттылықта


Соңғы 5 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 пайызға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Электр энергиясын тұтыну – азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын айқындайтын маңызды экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштің бірі. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 пайызға артқан. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдерінің айтуынша, тұрмыстық секторда энергия тұтыну көрсеткішін төмендеуін тоқтату мүмкін емес. Десе де оның өсу қарқынын бәсеңдетуге ықпал етуге болады. Мамандардың пайымдауынша, азаматтар энергияны тұтыну мәдениетінің қарапайым ережелерін сақтауға дағдыланғаны жөн. Мәселен, институт мамандары жылуды сақтау үшін терезе жақтаулары мен есік ойықтарындағы саңылауларды бекітіп, көпкамералы шынылы пакеттері бар терезелерді орнату қажет. Бұл орайда жылу радиаторларын ауыстыру мен сыртқы қосымша есік орнатудың да айтарлықтай маңызы бар. Энергия тиімділігін арттыру мақсатында қыздыру шамдарын энергия аз жұмсайтын шамдарға ауыстыру да үнемдеуге өз септігін тигізбек. Сондай-ақ «А»-дан төмен емес тұрмыстық аспаптар мен техниканы пайдаланғаны абзал. Осы ретте айта кетейік, электр плитасы жылына 1000 кВт* сағ., тоңазытқыш 400 кВт* сағ., теледидар 250 кВт* сағ., кір жуғыш машинасы 200 кВт* сағ. электр энергиясын жұмсайды»,-делінген хабарламда. Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты мамандарының пікірінше, өмір сүру сапасын төмендетпей-ақ электр энергиясын тұтынуды 40-50 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Энергия #тұтыну #көлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Бүгін 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Бүгін 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Бүгін 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Бүгін 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика