Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Солтүстік Қазақстанда Ұлттық ұланның академиясы аш...

Солтүстік Қазақстанда Ұлттық ұланның академиясы ашылды

Әлеумет 19.03.2022, 08:49 1,820
Солтүстік Қазақстанда Ұлттық ұланның академиясы ашылды
Сурет: Egemen.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2 ақпан күні Ұлттық ұлан әскери институты Академия болып қайта құрылған болатын.


Петропавлдағы Академияның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Әлібек Сералиев, әскери оқу орнының бірінші басшысы болған, отставкадағы генерал-майор Амангелді Дүкенев, отставкадағы полковник Сәбит Ахметов, аталмыш оқу орнын  үздіксіз 11 жыл бойы басқарған, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің басшысы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, оқу ордасының офицерлері мен профессорлық-оқытушы құрамы, ардагерлер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Салтанатты рәсім алаңға әскери институттың Жауынгерлік туын әкелумен басталды. Осы күннен бастап әскери оқу орнының Академия атануына және жаңа формациядағы офицерлерді дайындауына ресми түрде жолдама берілді.


Жеке құрамның алдында алғаш сөз алған генерал-майор Әлібек Сералиев осыдан ширек ғасыр бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі әскерлер, бүгінгі Ұлттық ұлан үшін офицер кадрын дайындайтын әскери оқу орнының құрылғанын атап өтті.


Кейіннен генерал-майор Жұмабек Ахметов, институт ардагерлері отставкадағы генерал-майор Амангелді Дүкенев пен оставкадағы полковник Сәбит Ахметов ізгі тілектерін білдірді.


Салтанаты шара кезінде қызметте қол жеткізген табыстары, әскери оқу орнының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген әскери қызметшілер мен ардагерлерге ҚР Ішкі істер министрі, Қорғаныс министрі, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан  медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар, сондай-ақ мерзімінен бұрын әскери атақтар тапсырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Академия #ашылу салтанаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Кеше 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Кеше 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Кеше 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Кеше 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика