AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Соғыс ардагері Зұлқарнай Сейітов 103-ші көктемін қ...

Соғыс ардагері Зұлқарнай Сейітов 103-ші көктемін қарсы алады

Өмір-өзен 04.03.2025, 14:22 788 dulatbekova
Соғыс ардагері Зұлқарнай Сейітов 103-ші көктемін қарсы алады
Сурет: 24.kz

Соғыс ардагері Зұлқарнай Сейітов биыл Жеңістің 80 жылдық мерейтойын қарсы алады.

 Көктем шыға қарт майдангер 9-мамырды асыға күтеді. Ол үшін бұл күннен артығы жоқ. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сол кездің әрбір сәті әліге дейін көз алдында. 

«Оны ұмыту мүмкін емес. Содан бері талай бақытты шақты бастан өткердім. Бірақ «соғыс бітті»-деген жалғыз ауыз сөзді естігендегі қуанышты айтып жеткізу мүмкін емес», - дейді қария.

Ардақты ардагер қазір Алматыда тұрады. 1941 жылы Зұлқарнай Сейітов 9-сыныпты енді бітірген еді. Сол жылдың қарашасында мектепті аяқтамай өзі  сұранып, майданға аттанады. Алдымен жас жауынгер  танк жоюдың әдісін оқып курстан өтеді. Қару ұстап, иісшіл иттермен жұмыс жасауды үйренеді. Кейін майдан даласына жіберіледі. Ленинград, Сталинград қалаларын азат етуге қатысады. Әскердің жолын жарылғыш заттан тазалап Берлинге дейін барған. Ондағы  Потсдам қаласын минадан тазартуға қатысты.

Соғыс аяқталған соң Зұлқарнай Сейітов мектеп партасына қайта отырып, оқуын тәмамдайды.  Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтына түседі. Оны бітірген соң ғылыммен айналысады. Алматыдағы қазіргі аграрлық және медицина  университеттерінде биохимиядан сабақ береді. Биология ғылымдарының докторы 96 жасқа келгенше дәріс оқуын тоқтатпаған. Ол 150-ден астам ғылыми жұмыс пен монографияның, 10 оқу құралының  авторы. Еңбегі еленіп, талай марапатқа ие болды. Ұлы Талғаттың айтуынша, әкесінің ұзақ жасауының сыры да осы тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Талғат Сейітов, Зұлқарнай Сейітовтің ұлы:

- Былтыр желтоқсанның 27-де әкем 102-ге толды. Биыл 103-ке аяқ басты. Мен ес білгелі әкемнің демалғанын көрген жоқпын. Үйге келген соң да жұмыс істеп отыратын. Оқудан шаршамайтын. 100-ге келгенше өзі жүріп-тұрып ешкімге салмағын салған жоқ. Аяғы ауырып, жүруі қиындаған кезде ғана дәріс оқуын тоқтатты. Сүйегі асыл деп осындай кісілерді айтатын шығар. Қазір құлағы ауыр естиді. Бірақ не сұрағаныңызды түсінсе жақсылап тұрып айтып береді. Оны өзіңіз де көрдіңіз. 

Ардагер ғылыммен айналысқанда алған марапаттарым бір бөлек, ал соғыс жылдары  таққан орден-медальдарымның орны тіптен өзгеше,-дейді. Қарт майдангердің «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендері және «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдары тағылған костюмі үнемі қасында ілулі тұрады. Соған қарап сол бір зұлмат жылдарды, туған жерге оралмаған қарулас достарын мұңая еске алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соғыс ардагері #Зұқарнай Сейітов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);