AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұ...

Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын тездетуді тапсырды

Әлеумет 22.01.2022, 11:15 1,256 Almaty-akshamy
Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын тездетуді тапсырды
Cурет: Primeminister.kz

351 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті


Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елде орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 351 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті, оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оның ішінде 8 өңірдегі 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан  бар. Олар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында.
 
Бизнеске алдын ала келтірілген шығын мөлшері 98,1 млрд теңгені құрайды, оның 97%-ы Алматы қаласына тиесілі.


 Ә. Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгіленген мерзімде бүлінген ғимараттарды техникалық-сараптамалық тексеруден өткізу және жөндеу құнын бағалау жұмыстарын аяқтап, қажетті құжаттаманы Қаржы министрлігіне енгізуді тапсырды. 


Тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды бағалау жөніндегі үкіметтік комиссияға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, залалды бағалауды жедел аяқтау және зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізімі мен оларға келтірілген залал көлемін Ұлттық экономика министрлігіне жіберу тапсырылды. 



«Үкімет апта сайын зардап шеккен кәсіпкерлерге жедел көмек көрсету үшін қаражат бөлу бойынша қажетті шараларды жүргізуге дайын», —  деді Ә. Смайылов.  



Үкімет басшысы көмір бағасының өсуіне жол бермеудің маңыздылығын атап өтіп, бұл мәселені көмір өндіруші компаниялармен пысықтауды, сондай-ақ көмір тасымалдау тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін талдау жүргізуді тапсырды.  



«Кейбір компаниялардың кірме жолдар мен тұйық жолдардағы қызмет көрсету тарифі жоғары, оларды қайта қарастыру қажет», —  деді Ә. Смайылов.   


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайлов #өтемақы #ШОБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);