AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Сицилияда аптап ыстық және жарық пен су жоқ

Сицилияда аптап ыстық және жарық пен су жоқ

Әлем 26.07.2023, 03:39 1,011
Сицилияда аптап ыстық және жарық пен су жоқ
Сурет: ашық дереккөз

 Сицилияда аптап ыстық және температура реордтық деңгейге жетті. Катанияда жоғары температурадан жарық пен су сөндірілді, себебі жүйенің шамасы жетпей жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews-ке сілтеме жасап.


Жергілікті азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, дүйсенбі күні Катанияда 47,6°C тіркелген. Аптап ыстықтан жүз мыңдаған сицилиялық жарық пен сусыз отыр.



«Бір жағынан, климаттың өзгергені үшін зардабын тартып жатырмыз. Бұған бірнеше жыл бұрын назар аударуымыз керек еді. Екінші жағынан – жаңа жағдайға сәйкес келмейтін инфраструктура үшін», - деді Италия азаматтық қорғаныс министрі Нелло Мусумечи.



Бейсенбіден бастап Катанияда 500 мың адам кезекпен жарықсыз отырады, деді муниципалитет өкілі.


E-distribuzione – Enel алып италиялық компанияның еншілес фирмасы мұндағы электр энергиясын таратумен айналысады. Оның мәліметінше, «бірнеше апта бойы асфальт температурасы 50°C-қа жуықтаған». Оған ылғал ауа қосылғанда, «жылу дұрыс тарамай, кабельдерді зақымдап жатыр».


Электр энергиясының өшуі салдарынан бірнеше үйде су тоқтаған. Жалпы, 200-300 мың адам сусыз қалған, деді Сидра су беру желісі.


E-distribuzione компаниясы жүздеген техникалық маман мен ондаған генераторды тартқанын мәлімдеді. Жергілікті билік қарт адамдарға және басқа да осал топтағы адамдарға, сондай-ақ үйсіздерге кондиционерлер беріп, тұрғындардан кондиционерлерді қалыпты пайдалануды сұрады.


Кеше сицилиялық өрт сөндірушілер бірнеше өрт ошағымен күресті. Палермо әуежайының жанында өрт шығып, сейсенбі күні таңертең әуе айлағы бірнеше сағатқа жабылды. Өрттен теміржол көлігі зардап шекті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сицилия #ыстық #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);