Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сирия бойынша Астана процесі ресми аяқталды

Сирия бойынша Астана процесі ресми аяқталды

Саясат 21.06.2023, 09:30 1,403
Сирия бойынша Астана процесі ресми аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің 20-кездесуі өтті. Келіссөз қорытындысына орай кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Сирияның біртіндеп оқшаулану аймағынан шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі деп тануға болады. Сирияның араб елдері қатарына оралып келе жатқанын ескере отырып, Астана процесі аясында Сирия бойынша 20-шы отырысты ресми соңғы деп жариялауды ұсынамыз», - деп мәлімдеме жасады Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш.



Айта кетейік, елордада 20-21 маусым аралығында Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өтті. Оған кепілгер елдердің - Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысады.


Күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды.


Еске сала кетейік, Астана алаңы Сириядағы қарсылас тараптар арасындағы қақытығыстарды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізу үшін ұсынылған. Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесулер елордада 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сирия #процес #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Алматы театрлары «Қара жорға» ырғағымен тоғысты

Бүгін 16:04

2026 жылдың көктемгі сәні: гардеробты қалай жаңартамыз?

Бүгін 15:44

«Алматылық легион» баскетболдан Қазақстан чемпионатында өз алаңында екі матчта да жеңіске жетті

Бүгін 15:36

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін 15:12

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика