Синоптиктер тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжады

Синоптиктер тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжады Сурет: 1obl.ru

Кей өңірлерде, керісінше, ылғал молырақ болады.


«Қазгидромет» РМК тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болуы мүмкін.


Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында, керісінше, ылғал молырақ болады.


Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21