AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

Әлеумет 19.09.2023, 02:45 922
Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады
Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 19 қыркүйекте күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz,



Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.


Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде тұман болжанады.


Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының шығысында тұманды болады.


Павлодар облысының шығысында найзағай, түнде оңтүстігінде тұман күтіледі.


Қызылорда облысының батысы мен орталығында найзағай болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысы мен орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде – найзағай, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында – найзағай, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығы мен шығысында тұман болжанады.


Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұманды болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с құрайды.


Таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігін тұман басып, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.


Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында – найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі сақталады.


Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қауіпі сақталады.


Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұманды болып, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа #Ескерту #суық #тұман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);