AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / СІМ Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылдарғ...

СІМ Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді

Ресми бөлім 14.01.2026, 17:50 380
СІМ Қара теңіздегі танкерлерге жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бағыт алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдіреді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Осыған байланысты Қазақстан тарапы бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен шұғыл кездесулер өткізіп, сондай-ақ АҚШ және басқа да шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізді. Аталған кездесулер барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ көмірсутек ресурстарын тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасының қандай да бір қарулы қақтығыстарға қатыспайтыны, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға тұрақты түрде үлес қосып келе жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар еліміз энергия ресурстарын халықаралық талаптарға толық сәйкес әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етіп отырғаны айтылды. Осы тұрғыда аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсат құжаттары болғаны және талапқа сай сәйкестендіру құралдарымен жабдықталғаны көрсетілді.

Министрлік соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын білдіретінін атап өтіп, серіктестерді осындай инциденттердің алдын алу мақсатында бірлескен әрі үйлестірілген шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #ресми мәлімдеме #Қара теңіздегі жағдай #танкерлерге шабуыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика