AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына...

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Билік 04.04.2026, 12:40 277 Сұлу
СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді
СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі мәдениеті және мұрасы қорына барып, ұйымның президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесті.

Кездесу барысында түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын халықаралық деңгейде сақтау және ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Қазақстанның мәдени мұрасын Қор жобаларында кеңінен таныстыру, материалдық мәдени құндылықтарды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, практикалық нәтижелерге қол жеткізу және заманауи технологияларды пайдалану мәселелеріне баса мән берілді.

Қор президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның Қордың негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ұйым қызметіне тұрақты түрде елеулі қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Ол түркі халықтарын біріктіретін ортақ құндылықтарды сақтау бағытындағы Қор жұмысы алдағы уақытта да Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде Әлібек Бақаев жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Қор жүзеге асырып жатқан бағдарламаларды жан-жақты қолдауға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);