Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторының кеңс...

Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторының кеңсесінде қолдануға болады

Әлеумет 22.10.2021, 14:37 1,091
Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторының кеңсесінде қолдануға болады
news.myseldon.com

Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторларының кеңселерінде қолдануға болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ведомствоның мәлімдеуінше, EGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» қызметінің арқасында байланыс операторларының клиенттері қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбауына болады.



«Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек», - делінген хабарламада.



Министрліктің түсіндіруінше, цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында «Цифрлық құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады.


Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу керек. Процедураны орындау үшін, Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR кодын сканерлейді және биометриялық деректер арқылы клиенттің жеке басын куәландырады.



«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғайлылық, қауіпсіздік және тиімділік бүгінде біздің басымдылық болып табылады. Бұған дейін кейбір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлық құжаттарды қабылдай бастады. Бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.



Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметінде 18 құжат тіркелген, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сынағы және туу туралы куәлік.


Бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құжаттарды әуежай, теміржол вокзалындағы вагондарда, банк пен нотариус қызметтеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүмкіндік алды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #цифрландыру #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қар барысы көбейіп келе жатыр

Бүгін 10:42

Тянь-Шаньның ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізген Қазақстанға қарасты бөлігінен жан-жануардың 3 мыңнан аса түрі табылды

Бүгін 10:38

Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО қорғауында: Қазақстанда сирек түрлер сақталған

Бүгін 10:34

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін 10:29

3 айда 820 мыңнан астам адам музейге барған

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика