Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрландыру мемлекеттік қызметке кіру рәсімін жеңі...

Цифрландыру мемлекеттік қызметке кіру рәсімін жеңілдетеді

Әлеумет 15.04.2025, 16:33 704
Цифрландыру мемлекеттік қызметке кіру рәсімін жеңілдетеді
Сурет: Freepik.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі жеңілдетілді. Енді үміткерлер барлық кезеңдерден үйден шықпай-ақ, «eQyzmet» ақпараттық жүйесі арқылы өте алады.

Адами факторды болдырмау және рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз прокторинг жүйесі енгізілді. Конкурс жеңімпазы ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде, барлық кезеңдердегі жинақ балдың негізінде анықталады.

Жүйе барлық қажетті құжаттар мен деректерді автоматты түрде жүктейді. Қорытындысында үміткер электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмысқа орналасу туралы өтінішке қол қояды және құттықтау хабарламасын алады.

Құқықтық актілер саны қысқартылды. Сонымен қатар, мәтіндермен және цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын бағалайтын жаңа кезеңдер енгізілді. Бұл үдерістің уақытын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетті.

Мемлекеттік қызметтің жаңа гибридті моделі мансаптық пен позициялық жүйелердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіреді. Бұл тәсіл түрлі саладағы мамандар үшін мемлекеттік қызметке ашық әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бүгінде 68 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеуді жаңа форматта жүргізіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттар және Алматы қаласының тексеру комиссиясы 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап осы форматқа көшеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған азаматтар оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде келесі лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігіне ие:

  • аудан, облыс немесе облыстық маңызы бар қала әкімдігі мен мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымдары (облыс орталықтары емес);

  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшы емес лауазымдары;

  • ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігі аппаратының лауазымдары;

  • орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріндегі басшы емес лауазымдар.

Сондай-ақ, жеке сектордан келген үміткерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары бекітілді. Біліктілікке сәйкес келген жағдайда түлектер www.gov.kz және www.eqyzmet.gov.kz порталдары арқылы бос лауазымдарға өтініш бере алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Мектептің мақсаты – талантты әрі белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Жоғары курс студенттері мен түлектер тегін оқытылып, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтеді.

В. Мырзагелдинова,

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаменті

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет #құжат #eQyzmet»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика