конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шымкентте тау шаңғысы курорты салына ма?

Шымкентте тау шаңғысы курорты салына ма?

Спорт 19.12.2023, 10:46 1,322 Almaty-akshamy.kz. 
Шымкентте тау шаңғысы курорты салына ма?
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Шымкент қаласы әкімдігінің шақыруымен «Creative Shustry of Shymkent 2023» форумына қатысқан Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев туристік бизнес және креативті индустрия өкілдерінің басын қосқан жиында министрліктің негізгі міндеттерін айтып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Іс-шарадан кейін ол қала тұрғындарымен кездесу өткізді. «Creative industry of Shymkent» форум-көрмесіне 500 адам қатысып, 30-ға жуық спикер креативті индустрия саласында жаңа идеяларды енгізу, жобаларды іске асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тарту бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар көрме аясында 20 жоба ұсынылып, бірқатар меморандум мен жол картасына қол қойылды.


Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласы табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті. Ең бастысы, өңір ҚР Үкіметінің туризм саласына инвестиция тарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі алға қойған міндеттерінің алдында қандай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды. Сонымен қатар өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, Ержан Еркінбаев аймақтағы туризмнің дамуына оң серпін беретін тау шаңғысы кешенін салу қажеттігі туралы айтты.



«Уақыт өте келе Қасқасу аумағы тау шаңғысы туризмінің ордасына айналады деп үміттенеміз. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті ҚР ТСМ министрінің орынбасары.



Сондай-ақ Ержан Еркінбаев өңірдегі және жалпы елдегі креативті индустрияларды дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курорт #спорт #шаңғы #сырғанау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);