Шымбұлақ және Oi-Qaragai тау курорттары SKI BUSINESS AWARDS беделді марапаттарына ие болды
Алматы және Алматы облысының курорттары халықаралық марапаттау рәсімінде ең көп жүлдеге ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
SKI BUSINESS AWARDS жыл сайынғы марапаттау рәсімі 3-6 қазан аралығында Минералды Сулар мекенінде халықаралық туристік аумақтар форумының аясында өтті. Мұнда туристік индустрияның мамандары кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, нарық қатысушыларының өзара әрекеттесуінің жаңа форматтарын және ТМД елдерінің шетелдік серіктестерімен туристік инфрақұрылым құруды талқылады.
Марапаттау 2023-2024 жылғы маусым қорытындылары бойынша берілді. Шешім бірнеше кезеңнен тұрды – тау индустриясындағы беделді мамандар комиссиясының алдында жобаны қорғау, сондай-ақ тау шаңғысын сүйетіндер арасында дауыс беру арқылы шешім қабылданды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Шымбұлақ» тау курорты «ТМД елдерінің үздік тау шаңғысы курорты» атағына ие болды. Сонымен қатар «Тау аймағындағы үздік глэмпинг/кэмпинг» номинациясында жеңіске жетті. «Oi-Qaragai» тау курорты «Үздік IT-шешім» және «Үздік балалар лагері бағдарламасы» марапаттарын иеленді.
«SKI BUSINESS AWARDS марапаттау рәсімінде біздің курорт ТМД елдерінің 150 курортының арасынан тағы да үздіктер қатарынан көрінді! Біз екі номинацияда бірден жеңіске жеттік: «Үздік глэмпинг/кэмпинг», сондай-ақ ең беделді категорияда – «ТМД елдерінің үздік курорты» атағын алдық. Жеңімпаздарды таңдау бірнеше кезеңнен тұрды, оған дауыс беру және сарапшылар комиссиясының алдында жобаны қорғау кірді. Бүкіл командамызды осы тамаша жетістікпен құттықтаймын! Үшінші жыл қатарынан ең беделді номинация Қазақстанға оралып отыр! Бұл керемет нәтиже және біздің жұмысымыздың жоғары деңгейінің дәлелі. Осы жетістікке үлес қосқан әрқайсыңызға алғыс айтамын! Қазақстандықтар, біз бұған қол жеткіздік!», - деп пікір білдірді «Шымбұлақ» тау курорты бас директоры Ринат Абдрахманов.
Марапаттау рәсімінде «Oi-Qaragai» тау курортының PR бөлімінің басшысы Максим Козлов пікір білдірді :
«Біздің команда әрдайым қызмет көрсету деңгейін жетілдіруге тырысады. Сондықтан келушілерге қызмет алу қарапайым әрі ыңғайлы, ал ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғары болуы үшін барымызды салудамыз. Курорттың IT саласындағы үздік деп танылуы – үлкен жетістік, өйткені қазір курорт кеңейіп, жаңа «Ақтас» аймағын ашуда. Бұл – шамамен 55 шақырым жаңа трассалар, жаңа аспалы жолдар мен жаңа аумақтар. Процестерді оңтайландыру – басым міндеттердің бірі. «Тау курортындағы үздік балалар лагері бағдарламасы» марапаты – бұл жеке жетістік, ол осы бағытты жасаушылардың еңбегі. Олар ұсынылған қызметтердің ең жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуде».
Анықтама:
Шымбұлақ – әлемдік стандарттарға сай келетін Қазақстанның басты көрікті жерлерінің бірі. Жыл сайын 1,5 миллионнан астам келушіні қабылдайды және ірі халықаралық спорттық жарыстарды өткізу тәжірибесімен бөлісе алады. Сонымен қатар, 2023 жылдың наурызында «Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы еңісі ретінде Гиннестің рекордын орнатты, оның биіктігі – 3200 метр.
Oi-Qaragai – Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан Қазақстанның ең танымал тау курорттарының бірі. Курорт шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған түрлі трассаларды, заманауи аспалы жолдарды және дамыған инфрақұрылымды ұсынады. Oi-Qaragai отбасылық демалысқа ерекше назар аудара отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламаларды ұсынады. Курорт жаңа технологиялар мен IT-шешімдерді белсенді енгізуде, бұл оны өңірдегі тау шаңғы туризмінің көшбасшыларының біріне айналдырады.