Шымбұлақ тау курортында алғашқы қар түсті. Бұл туралы курорт қызметкерлері әлеуметтік желілерде өздері мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Біз көптен күткен қарлы күндер де келіп жетті!» – деп жазды олар әлеуметтік желідегі парақшаларында.
Алматыда әлі де салыстырмалы түрде жылы күзгі ауа райы сақталуда.
Бұған дейін Шымбұлақта аспалы жолдардың профилактикалық жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарланған. Мамандар аспалы жолдардың техникалық жай-күйін, тіректерді, роликтік жүйелерді, қысқыштарды және кабиналарды тексеріп, жабдықтарды қажетті сынақтардан өткізді. 2 қарашадан бастап аспалы жолдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Казгидромет 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған. Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілуде. Кейбір облыстарда күшті жауын-шашын мен көктайғақ болжануда.
Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.