AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ШҚО-да семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чем...

ШҚО-да семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Спорт 25.08.2026, 12:04 334
ШҚО-да семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды
ШҚО облысы әкімінің баспасөз қызметі

Чемпионат 24-30 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ШҚО орталығында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Қаладағы Жекпе-жек сарайында жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы спортшылардың сәтті өнер көрсетіп, жаңа спорттық жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Чемпионат 24-30 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген ең мықты жас семсерлесушілер қатысуда.

Спортшылар семсерлесудің үш түрі – семсер, қылыш және рапир бойынша бақ сынайды. Бағдарлама ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және командалық сайыстарды қамтиды.

Бүгін ерлер арасында семсер бойынша жеке жарыстар өтуде. Ал ертең әйелдер арасында семсерден жеке жарыстар, сәрсенбі күні ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сайыстар болады. Бейсенбі және жұма күндері спортшылар қылыштасудан, ал 29-30 тамыз аралығында рапирдан бақ сынайды.

Биылғы чемпионатқа болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар жиналды. Көпшілігі үшін бұл жарыс - спорттық мансабындағы маңызды кезең әрі ұлттық құрама сапына қосылу жолындағы зор мүмкіндік.

Көрермен үшін кіру тегін. Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын спортшыларға қолдау көрсетіп, тартысты жекпе-жектердің куәсі болуға шақырады.

Чемпионаттың алғашқы күнінің қорытындысы: 1-орын - Александр Федотов (Ақтөбе облысы), 2-орын - Нұржан Абжанов (Алматы), 3-орын - Нұрмұхамед Балтабай (Шымкент), 3-орын - Богдан Лукин (ШҚО).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шығыс Қазақстан облысы #семсерлесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);