ШҚО-да Жаңа жыл қарсаңында жоғалған оқушы табылды

  • 17:35, 03 қаңтар 2026
ШҚО-да Жаңа жыл қарсаңында жоғалған оқушы табылды Сурет: Polisia.kz

Риддерде 31 желтоқсанда жоғалған жасөспірім екі күннен кейін аман табылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы 2 қаңтарда полицейлер мәлімдеді.

"2025 жылғы 31 желтоқсанда полицияға Риддер қаласында оқу орнына барғаннан кейін үйіне қайтпаған кәмелетке толмағанның жоғалғаны туралы хабарлама түсті", - делінген материалда.

Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, қызды тауып, оны үйіне жеткізді.

"Учаскелік полиция инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді, қауіпсіздік ережелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірді", - деді полицейлер.

Құқық қорғау органдары іздеуге көмектескеннің барлығына алғыс айтып, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалауды, олармен тұрақты байланыста болуды және қандай да бір күдік туған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласуды еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:25

17:43

17:25

17:14

16:53

16:41

16:29

16:08

15:47

15:20

15:08

14:48

14:37

14:20

14:04

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40