AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ШҚО-да аюлар көбейді

ШҚО-да аюлар көбейді

Оқиға 30.06.2022, 13:18 2,152 Almaty-akshamy
ШҚО-да аюлар көбейді
Сурет: Ашық дереккөз

Аң да аңқау емес


Бүгінде облыста жыртқыштар көбейіп, олардың саны 3 мыңнан асып жығылды. Қазір маймақ аяқтылар әсіресе омарташылардың мазасын ала бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 


Глубокое ауданындағы Степной,Топиха ауылдары маңында ара шаруашылығымен айналысып жүргендер шығынға ұшырап жатыр.


 Сарапшылардың сөзінше ара ұясын бұзып жүрген көбінесе қонжықтар. Өйткені негізінен аюлар адамдардың территориясына емес, керісінше адам олардың аумағына кіріп кеткен. Оның үстіне бір рет балдың дәмін татқан жыртқыш ол жерге қайтара келе береді. 


Мәселен жаз шыққалы бері аюлар Алексей Устинцевтің омартасындағы алты ұяны талқандап кетіпті. Қазір ол шаруашылығын көлікпен күзететін болған. Алайда аң да аңқау емес, дәл күзет босаңсыған кезді аңдып жүріп, тәттілерді қолды етеді екен. 


«Олар тіпті иттен де жасқанбайтын болды. Сондықтан енді не істерімізді білмей жүрміз. Ең қызығы ара ұяларының ішінен ең балы көбін таңдап,талқандап алып кетеді. Қазір амалымыз тауысылған соң мінеки алтыншы күн кезектесіп омарта басын күзетіп жүрміз. Сондықтан тиісті органдар тарапынан қандайда да бір нақты іс-шара болса деген тілегіміз бар»,-деді омарташы Алексей Устницев. 


«Бізге шағым түскен соң  бірден сол жерге барып  өз кеңесімізді береміз. Аюларды түрлі әдістермен үркітіп, қорқытып отыру керек. Қатты дыбыстар шығарып немесе электр қорғандарын құрып қойған дұрыс. Аюды атса, өз өмірін қорғау үшін болса да атқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өйткені заң солай»,-дейді «Өскемен орман шаруашылығы» ҚММ қызметкері Сергей Осинцев. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аю #ШҚО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика