AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқыл...

Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

Әлеумет 18.05.2022, 08:17 1,163
Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі
Сурет: Firestock.ru

1 шілдеден бастап қазақстандықтарға қаржы пирамидалары туралы ескертетін sms-тер жолданады.


Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жақын арада (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап) қаржылық пирамидалардың тəуекелдері туралы смс-хабарламалар тетігі іске қосылады. Сондай-ақ, құқық қорғау жəне мемлекеттік органдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағдарланды. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жалғасады жəне ерекше бақылауда тұр», - деп жазылған Бас прокурордың депутаттарға жолдаған жауабында.



Бас прокуратураның дерегі бойынша, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 6 млрд теңгеден астам ақша салып жіберген. Бұл – кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.



«Соңғы 5 жылда қаржы пирамидалары туралы істерді тіркеу серпіні тұрақсыз (2017 ж - 74, 2018 ж - 103, 2019 ж - 24, 2020 ж - 180, 2021 ж - 160). 2020 жылы өсім байқалған. Бұл кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 7 есе (24-тен 180-ге дейін) өскен. Келтірілген залалдың сомасы 6 млрд теңгеден асты (2019 ж - 1,6 млрд теңге). Қаржы пирамидаларының сайттарына 680 сілтеме бұғатталды. Банктер операциялардың күшейтілген мониторингіне жəне күдікті клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды бұзуға бағдарланды. Осындай 149 адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды жəне оны орнатудан бас тартылды. Мысалы, «Kaspi Bank» АҚ 40 салымшыны тартып үлгірген «Қара қазан» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қызмет көрсетуді тоқтатты», - деп жазылған Бас прокурордың жауабында.



Айта кетейік, өткен аптада Алматы қаласындағы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» және «Alpha Lux Consulting» қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолдағанын мәлім еткен еді.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржы пирамидалары #смс #хабарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);