AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Шикізаттық емес сектор қарқынын сақтауда: 8 ай іші...

Шикізаттық емес сектор қарқынын сақтауда: 8 ай ішіндегі ЖІӨ өсімі 4,1%

Экономика 14.09.2026, 17:30 283
Шикізаттық емес сектор қарқынын сақтауда: 8 ай ішіндегі ЖІӨ өсімі 4,1%
Сурет: primeminister.kz

Қазақстанда ЖІӨ-нің сегіз айдағы нақты өсуі 4,1%. Бұл деңгей үш ай бойы сақталуда.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында елдегі сегіз ай ішіндегі экономика дамуының жедел қорытындысы қаралды.

Атап өткендей, экономиканың өсуі, ең алдымен, шикізаттық емес сектордың орнықты динамикасымен қамтамасыз етілуде. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 8,4%-ға артты. Машина жасау (21,2%), тамақ өнімін өндіру (12,9%), химия өнеркәсі (27,3%), құрылыс материалын өндіру (7%), дайын металл бұйымы (33,3%), резеңке және пластмасса бұйымы (+18,5%), жеңіл өнеркәсіп (+70,4%) және фармацевтика (38,9%) ең жоғары қарқынды көрсетті.

Жалпы, өнеркәсіптік өндіріс 2,6%-ға өсті. Құрылыста (15,6%), көлікте және қоймада (7,3%), саудада (6%), ауыл шаруашылығында (5,2%) және байланыста (4,4%) едәуір өсім байқалады.

Штаб отырысында өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы ахуал егжей-тегжейлі қаралды. Металлургияда, белгілісі, кәсіпорындар бүгінде 90-100% деңгейіндегі жүктемемен жұмыс істейді. Осыған қарамастан, қара металлургияда шойын мен болат өндірісін арттыру арқылы өндіріс 2%-ға өскен.   

Сегіз айда машина жасау 21,2%-ға өсті. Жоғары динамика, оның ішінде жеңіл автомобиль, автобус, жүк және арнайы техника өндірісін қамтитын автоөнеркәсіп есебінен (+27,7%) қамтамасыз етілді.

Жылжымалы құрам өндірісінде жолаушылар вагоны мен платформалар шығарылымының едәуір ұлғаюы кезінде жартылай жүк вагондары мен локомотив өндірісінің төмендеуі байқалады. Серік Жұманғарин төмендеу себебін егжей-тегжейлі түсініп, машина жасаудың өсу қарқынын сақтау мүмкіндігін анықтау үшін арнайы жиналыс өткізуді тапсырды.

«Металлургия өңдеу өнеркәсібінің 40%-ынан көбін қамтиды. Сондықтан металлургиядағы өсу қарқыны өңдеудің өсуі үшін ерекше маңызға ие. Өңдеу саласындағы екінші орындағы үлесі бойынша машина жасау динамикасын сақтау маңызды. Бұл бағыт жыл соңына дейін айрықша назарда болады», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ауыл шаруашылығында үшінші ай қатарынан белсенді өсу қарқыны байқалады: сегіз айда 5,2% (қаңтар-шілдеде 5%, қаңтар-маусымда 4,4%). Мұндай динамика жиын-терім науқанының қызуы мен егіннің пісуі секілді маусымдық факторға байланысты. Азық-түлік өндірісінде де 12,9% айтарлықтай өсім тіркелді. Мұнай-газ саласында мұнай өндіру көлемінің біртіндеп қалпына келуі байқалады. Сегіз айдағы НКИ 91,6%. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде 91,1%, 53,2 млн тоннаға қарсы 61,7 млн тонна мұнай өндірілді.

2026 жылғы мұнай өндірудің түзетілген болжамы 96 млн тонна. Бұл 91,6% НКИ-ға сәйкес келеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #экономика #ЖІӨ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Кеше 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Кеше 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);