Шетелдік еңбек мигранттарын еманаға тіркеу тәртібі өзгерді

Шетелдік еңбек мигранттарын еманаға тіркеу тәртібі өзгерді almaty-akshamy.kz

Өзгерістер 14 тамыздан бастап күшіне енді.


Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының мәліметінше, енді еңбек мигранттары медициналық сақтандыру полисі немесе жүктелген медициналық сақтандыру келісімшарты арқылы ғана тіркеле алады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Еңбек заңнамасына, Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, иммигранттарды емханаларға тіркеу және оларға медициналық көмек көрсету тәртібі өзгерді. Бұл өзгерістер тек Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения мүшесі болып табылатын ЕАЭО елдерінің азаматтарына қатысты.




Жаңа тәртіп бойынша аталған шетел азаматтары емханаға ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) немесе жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) келісімшарты негізінде тіркеледі. Келісімшарттар бастапқы медициналық-санитарлық көмек (емхана) пен шұғыл медкөмек шығындарын жабуға арналған болуы тиіс. Келісімшарт мерзімі біткен кезде мигрант медициналық ұйым тіркеуінен автоматты түрде шығарылады.



Тіркелу үшін емхана басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазу қажет. Өтінішпен бірге жеке куәлік (паспорт), ЕМС немесе ЖМС полисі қоса беріледі. Өтініш беруші медицина мекемесіне өз бетінше жүгіне алады немесе оны сақтандыру компаниясы тіркейді. Тіркелетін емханалар тізімі шарттың қосымшасында (ЕМС немесе ЖМС) көрсетілуі тиіс.




ЕАЭО туралы келісімшартта шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқығы ғана емес, міндеттері де жазылған. Олардың қатарына ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық скринингтерден уақтылы өту, әйелдерді жүктілік бойынша уақтылы есепке қою (12 аптаға дейін), созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық байқау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер айналаға қауіп төндіретін аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, республиканың тұрақты тұрғындарына ғана көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетіндегі қызметтерді пайдалана алмайды.



Ал, ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін емханаға тіркелу тәртібі өзгерген жоқ.


Емханалар тізімімен Қордың www.fms.kz сайтындағы «Емхананы таңдау» бөлімі арқылы танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05