Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шетелдегі қазақ ғалымдары әлемдік ғылымға үлес қос...

Шетелдегі қазақ ғалымдары әлемдік ғылымға үлес қосып жүр

Білім және ғылым 01.08.2023, 11:03 1,324
Шетелдегі қазақ ғалымдары әлемдік ғылымға үлес қосып жүр
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық ғалымдар тағы бір жетістікке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.


Дәлірек айтқанда, ядрофизиктер халықаралық топ құрамына еніп, терең суға нейтрино телескопын жіберіп, тәжірибенің сәтті өтуіне атсалысты. Мәскеу түбіндегі Дубна қаласында орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институты – 70 жылдық тарихы бар ғылыми орталық. Бүгінде мұнда 16  елдің ғалымдары халықаралық зерттеулер өткізеді. Олардың ішінде 100 шақты қазақстандық ғалымдар бар.  Институттың флагмандық жобаларының бірі – Байкалдың терең суындағы нейтрино телескоп.



Арынбек Ерсұлтан, нейтрондық физика зертханасының қызметкері: - Компьютерлік модельдеу әдістерін де пайдаланамыз. Біздің жүйелерміздегі есептеулерді бірнеше айдан бірнеше күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Және бұл компьютерді құруда қазақстандық ғалымдардың де үлесі бар. Келешекте осындай суперкомпьютерді Қазақсранда да құруға үлкен жоспарлар бар.


Айдос Әжібеков, ядролық реакция зертханасының кызметкері: - Осы ғылыми институтта алған тәжірибемізді Қазақстанның ғылыми дамуына жұмсағымыз келеді. Сондықтан прогрессті анықтайтын мемлекеттердің қатарына кіргіміз келеді.  Оған мүмкіндік беретін заттардың бірі ол mega science жобалар.



Институттың барлық 7 зертханасында қазақстандық физиктер жобаларын іске асырып жатыр. Олар теориялық және эксперименттік ядролық физика саласындағы зерттеулермен айналысады. Мамандар жас болса да, әлемдік ғылымға қосқан үлестері зор.



Мерей Тезекбаева, тәжірибелі физика зертханасының қызметкері: - Соңғы бірнеше жылда біздің зертханада аса ауыр элементтердің 6 жаңа элементі, сондай-ақ трансактиноидты элементтердің 50 жаңа изотоптары табылды. Біздің ғылыми топ әлемде бірінші болып жаңа нейтрондық изотопты, тапшы Нобель 249 изотопын синтездеді.



Қазақстандық ғалымдар Біріккен ядролық зерттеулер институтымен ондаған жылдар бойы ортақ жобалар жүргізеді.Тараптар ірі ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытып, байланыс көкжиегін кеңейтуге ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #үлес #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика