Шенеуніктерге қойылатын талаптар өте жоғары деңгейде болуы керек!

Шенеуніктерге қойылатын талаптар өте жоғары деңгейде болуы керек! anatili.kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында ел дамуы, әділеттілік пен жастардың рөлі туралы маңызды мәселелерді көтерді.

«Қайырымдылық пен әділеттілік жолында: Жастар мен Президентке деген сенім»

Президент халықаралық мәселелерге көбірек көңіл бөледі дегенге айтарым, біздің Президентіміз жер жүзін әлдеқашан аралап шыққан адам! Ол енді шетелдерге қыдыру үшін барып жүрген жоқ. Өзінің білімі мен тілінің жетістігімен, парасатымен Қазақстанды жер жүзіне паш етті.

Бұрын балаларымыз «Шетелде осы күнге дейін Қазақстанның көшелерінде түйе жүргендей көретіндер бар» деп ренжитін. Енді бәрі өзгергеніне ең алдымен жастарымыз қуанып жүр. Үкіметтің шаруасы мен Президенттің шаруасын шатастыра береміз. Осы күнге дейін автобус тоқтап қалса, «Президент қайда қарап отыр?» дейтіндер де аз емес.

Біздің үкіметтің мыңдаған әкімдері, жүздеген министрлері мен үлкенді-кіші шенеуніктері баршылық. Солардың алдына қойылатын талаптар өте жоғары деңгейде болуы керек!

Жалпақ шешей болудан арылмай жүрген басшылардың орнына жаңаша өмірге бейім, ұрлық жасауды үйреніп үлгермеген, білімді жастарды әкелу керек!

***

Апат кезінде халқымыз әдеттегідей өре түрегеліп, әркім қолынан келгенше жәрдемдерін беріп жатады. Күрделі сәттерде қордаланған келеңсіздіктердің беті ашылатыны айқын.

«Қайырымдылық қазақтың жүрегінің ортасына ойып жазылған» деуші еді менің әкем. Апаттың айтып келмейтінін, сол кезде халықтан қаражатты қайырымдылық қорлар жинауға міндетті емес екенін, есеп-шот әкімшіліктің жанынан ашылуы тиіс екенін, әр қайырымдылық қордың өзінің міндеті мен мақсаты болатынын мен 32 жыл бойы айтып келемін. Қайырымдылық деген сөзді беттеріне ұстап, өздерінің арам пиғылдарын іске асырып жүргендер де аз емес.

Жақында сондай бір әйелді 6 жыл, 6 айға түрмеге отырғыздық. Осыдан кейін қайырымдылыққа басқа түгілі жастар да сенбейді. Қайырымдылыққа халықтың көзқарасы өзгере бастағаны 32 жылдан бері арасына күн салмай қайырымдылықпен айналысып келе жатқаны менің жаныма батады.

***

Осыдан төрт жыл бұрын «Назарбаев қызметінен кеткелі тіпті жоғарылады, енді Президент те оған бағынады» деген сөз жүріп жатқанда мен «Ана тілі» газетіне «Ұлт жоспарының тірегі – әділетті үкімет» (14.09.2020 жыл) деген мақала жазғанмын. Сонда «Нұрсұлтан Әбішұлына менің де өкпем жеткілікті-ақ еді, бірақ, шындықпен бетпе-бет келгенде, өкпеге биігімнен қарайтын мінезімнен айныған емеспін.

Қазақ елінің болашағын ойлап, білікті, білімді, парасатты, алыс-жақын елдердің сыры мен қырын жақсы білетін, тәжірибесі мол, текті азаматтың ұлы Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын» деп жазыппын. Сол мақаламда «Жауды аяған жаралы» деген сөзім де бар. Осы мақаламды «Тауқымет» атты кітабыма да кіргіздім, себебі бұл шынында тарих!

***

Жақсы мен жаманды сараптай алатын білімді жастарымыздың да өзгеріп, бірнеше жылдық өмірлеріне жоспар жасайтындай жағдайға жетіп жатқаны да бізді қуантады. Әділ сөйлеуді бірімізден біріміз талап етіп жатырмыз ғой, біреудің еңбегін бағалау да, жақсының жақсылығын айту да әділдік!

Жастар «Қасым-Жомарт Кемелұлы алдына қойып отырған жоспарларын іске асыру үшін кемінде 20 жыл Президент болуы керек. Ол үшін Қазақстанның азаматымын дейтін әрбір адам Президентімізге көмекші бола алатындай өз елінің патриоты болуға міндетті» дегендерін есту де біз сияқты талай тауқыметті бастарынан өткізгендер үшін үлкен қуаныш!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:43

13:03

13:01

12:52

12:43

12:16

11:59

11:55

11:54

11:44

11:39

11:39

11:36

11:33

11:31

11:29

11:26

11:24

11:22

11:20

11:18

11:17

11:13