конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шенеуніктер сотталды

Шенеуніктер сотталды

Заң мен тəртіп 31.05.2024, 16:28 897
Шенеуніктер сотталды
almaty-akshamy.kz

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды.

Экология Министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшы қызметкерлерінің бірі мен оның қарамағындағыларды пара алғаны үшін айыптады.

Астана сотының мәліметінше, балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстары және балық шаруашылығын реттеу басқармасының басшысы пара алды деп айыпталды.

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды.

Бірінші эпизод бойынша – 2021-2024ж. аралығында Комитет төрағасы өз қарамағындағы басқарма басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы Комитетке бағынысты ұйымның бас директорынан жалпы қамқорлығы үшін банктік аударымдар арқылы 1,5 млн. теңге сомасында ақша түрінде пара алған.

Екінші эпизод бойынша – "Н" ЖШС директорынан банктік аударым арқылы ұйым қызметінің қамқорлығы үшін 2 млн.теңге мөлшерінде пара алған.

Сот отырысы барысында сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенгеннен 70 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Шын жүректен өкіну, құқық бұзушылықты ашуға жәрдемдесуін және жас балаларының болуы сияқты қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына қарамастан, Комитет төрағасы мен басқарма басшысы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға сотталды.

Сондай-ақ, ҚР Президентіне Комитет төрағасын мемлекеттік наградадан айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #министрлік #сот #пара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);