AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына тү...

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына түсті

Оқиға 28.07.2025, 10:42 880 Сұлу
Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына түсті
t.me/halyqstan/11519

Жамбыл облысында болған өліммен аяқталған жол апатынан екі адам көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер – танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаменті зардап шеккендердің аты-жөнін нақтыламағанымен, апат бойынша ресми мәлімет ұсынды.

"2025 жылдың 27 шілдесінде сағат 08:50-де республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі, Қарағанды облысы тарапынан Алматы қаласына бағыт алған, рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді", – делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасына байланысты полиция ҚР ҚК "Көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелуі" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Алайда полиция зардап шеккендердің аты-жөнін ресми түрде жарияламағанымен, Tengrinews.kz дереккөзіне сүйенсек, көлікте расында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жары отырған.

Желіде де апатқа қатысты мәліметтер тарап жатыр. Белгілі болғандай:

"Апат Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында болған. Гүлайым Рахмонова ұлы мен құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға келе жатқан. Алматы – Екатеринбург трассасының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser жол апатына ұшыраған – жүргізуші рөлге ие бола алмаған. 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 35 жастағы әйел ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Рахмонова мен ұлы Шуға жеткізілген, жағдайы – орташа ауыр", – делінген әлеуметтік желідегі жазбаларда.

Спортшының командасы әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шавкат Рахмонов #Жол апаты #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Кеше 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Кеше 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Кеше 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Кеше 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);