конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды...

Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді

Мұны білген жөн Бүгін 16:31 50
Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді
РСК Алматы

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Гүлмира Нысанбаева ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы бірегей табиғи кешенді сақтау мен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру бағытында қолға алынған жұмыстарын баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық парктің негізгі нысандарының бірі – аумағы 5 мың гектардан асатын республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші «Ерен тоғайы». Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген соғды шағаны өседі.

«Ерен тоғайының бірегей экожүйесі мен соғды шағанының табиғи өсу ортасын сақтау – ұлттық парк қызметінің басым бағыты», – деді спикер.

Спикердің айтуынша, биылғы өрт қаупі жоғары маусымға дайындық аясында парк қажетті техникамен, арнаулы жабдықпен, радиобайланыс құралдарымен және жанар-жағармайдың қорымен толық қамтамасыз етілген. Дайындық деңгейін арттыру мақсатында төтенше жағдай қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп бес оқу-тактикалық жаттығу өткізіпті.

Туристермен, жергілікті тұрғындармен және парк аумағына іргелес орналасқан шаруа қожалықтарының иелерімен жүргізілетін профилактикалық жұмысқа ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері 100-ге жуық ақпараттық жадынама таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде түсіндіру материалдары тұрақты түрде жарияланып келеді.

Сондай-ақ парк қорғаныс инфрақұрылымын қоса дамытып жатыр. Қазір ұзындығы 216 шақырым болатын минералдандырылған жолақ күтіп ұсталып, жаңартылып жатыр. Сонымен қатар 20 ақпараттық аншлаг жаңартылды.

Гүлмира Нысанбаева «Ерен тоғайын» одан әрі сақтау мәселесіне де тоқталды. Орман орналастыру жұмысы аясында қосымша өртке қарсы алқаптар құру мүмкіндігі қарастырылды. Бұл бірегей тоғайға төнетін қауіп-қатерді азайтып, мамандардың жедел әрекет етіп, сирек кездесетін өсімдіктің түрлерін сақтау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жүргізіліп жатқан барлық іс-шаралар «Ерен тоғайының» бірегей экожүйесін ұзақ мерзімді сақтауға, профилактика жүйесін нығайтып, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған», – деп атап өтті ұлттық парк директоры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Бүгін 16:58

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Бүгін 16:48

«Іле-Балқаш» резерватында 300 гектар аумақта өртке қарсы қорғаныс жолағы әзірленді

Бүгін 16:44

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

Бүгін 16:17

Шағын модульдік реакторлар Қазақстанның энергетикалық болашағын қалай өзгертеді?

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);