AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Шаршау және қыжыл: жүрегіңізді тез арада тексерту...

Шаршау және қыжыл: жүрегіңізді тез арада тексерту керегін білдіретін 10 белгі

Мұны білген жөн 17.09.2025, 17:29 742
Шаршау және қыжыл: жүрегіңізді тез арада тексерту керегін білдіретін 10 белгі
depositphotos.com

Жүрек-қан тамырлары ауруларының көзге анық білінбейтін белгілері барын білдіңіз бе? Бұл туралы кардиолог Оливер Гуттман айтып берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Жүрек-қан тамырлары аурулары әлі күнге дейін өлім-жітімнің ең басты себептерінің бірі болып тұр. Сол себепті дер кезінде кардиологқа қаралу – өмірді сақтап қалуы мүмкін қадам.

Кардиолог Оливер Гуттман кинода жүрегі ауырған адамды әдетте драмаға толтырып көрсететінін айтты: кенеттен кеудесін қысып ұстайды, бүгіліп құлайды... Ал шынайы өмірде жүрек сырқаты бұлай емес, басқаша белгі беруі мүмкін.

Маман жүрегіңізді міндетті түрде тексертуге себеп болатын бірнеше қауіпті белгілерді атап өтті.

Қауіпті белгілер

Жүрек ауыруы әрдайым өткір сезілмейді. Кейде ол тек анда-санда пайда болатын қысым немесе кеудедегі қысылу сезімі түрінде білінеді.

Асқазандағы қыжыл не ас қорыту бұзылысына ұқсайтын белгілерді де елемеуге болмайды. Егер ол қол, мойын, жақ немесе арқа ауырса, бұл стенокардияның белгісі болуы ықтимал.

Егер жаттығудан кейін жеңіл ентігу қалыпты болса, қарапайым әрекеттерден кейін де дем жетпей қалу – қауіпті белгі.

«Мысалы, бұрын баспалдақпен оңай көтерілетінсіз, ал қазір қиналып қаласыз. Немесе үй ішінде жай ғана жүріп бара жатып ауа жетпейді, тіпті бауыңызды байлау үшін еңкейгенде тынысыңыз тарылады», – дейді дәрігер.

Тағы бір дабыл – тынымсыз шаршау мен әлсіздік. Демалып алсаңыз да, күшіңіз қалмаса, ыдыс жуу, дүкенге бару сияқты қарапайым шаруалар да шаршатса – дәрігерге қаралған жөн.

«Әсіресе әйелдерде қалыптан тыс шаршау жүрек ауруының ең ерте белгілерінің бірі болуы мүмкін. Көбіне ол кеуде ауырсынуынсыз байқалады», – деп ескертеді маман.

Энергия азайған сайын зейін қою да қиындайды.

Жүрек қағысының бұзылыстары

Жиі кездесетін тағы бір белгі – жүрек қағысының бұзылуы.

«Кеудеде дүрсіл естілмей қалуы немесе еш себепсіз қатты соға бастауы да назар аударуды қажет етеді. Мұндай құбылыс тыныштық күйінде де байқалуы мүмкін», – дейді дәрігер.

Сондай-ақ жүрегіңіз «қалтырап», «тоқтап қалғандай» сезілсе, бұл да тексерілуге себеп.

Тағы елемеуге болмайтын белгілер:

  • отырған күйде терең тыныс ала алмау;

  • түнде тұншығу ұстамалары;

  • ыңғайлы ұйықтау үшін қосымша жастық қажет болуы;

  • түшкіру мен жөтелдің жоғарыдағы белгілермен қатар жүруі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүрек #денсаулық #белгі #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);